Тоңазытқышта сақтауға болмайтын 10 тағам

Тоңазытқышта сақтауға болмайтын 10 тағам
Фото: Life4news.ru

Ақшаға алынған дүние болған соң қандай дүние болса да, ұзақ  қызмет еткенін жанымыз қалап тұратыны өтірік дүние емес-ті. Сол секілді біз біле бермейтін бірнеше заттардың тізбегіне кеңінен көңіл аударсақ  дейміз. Біздің ойымызша, тоңазытқышқа түскен дүниенің барлығы біраз уақыт қызмет атқарарлықтай, үлкен сеніммен  өмір сүреміз. Бөлме температурасы сақталса болды, көкөніс, жеміс-жидектердің асханада бірнеше күндеп, апталап тұра беретіндігі бірнешеуіміздің өмірінде кезігетінін ескеріп, тіпті тоңазытқышта сақтауға болмайтын көкіністер тізімін бүгінгі күннің мәселесі етіп алуды жөн көрдік.

1.Картоп – кез-келген тағамның әрлеушісі де, дәмдеушісі де, нәрлеушісі де осы көкөніс. Бірақ крахмал деңгейін басқа көкөністерге қарағанда, молынан бойына сіңірген бұл көкеністі ұзақ мерзімде сақтауға болмайды. Төменгі бөлме температурасында сақталатын көкеніс қолданыс барысында ерекше дім беруімен қатар, сыйымдылық деңгейін жоғалтып алуда әбден мүмкін. Сол себептен сақ болғайсыздар. 

2.Қызанақ – өзгенің көзін қызықтырып, шөліңді қандырарлық ерекше дәмге ие көкөністің тез бұзылатын тағамдар тізімінде екенін біліп жүргейсіз. Толыққанды пісіп жетпеген күйінде үзіліп, бізге жету жолында қызара түсетін қызанақтың төменгі температура барысында өсіп жетілмейтіндігін ескеріңіз. Тоңазытқышта ұзақ тұрып қалған, қызанақтар тым жұмсақ қалыпқа еніп, қолданыс барысында түр келбетін сақтай алмай, ығырыңды шығарады. Барынша табиғи өнімді әрі мерзімінде жетілген көкөністі алуға тырысыңыз. 

3.Бал – пайдалы тағамдардың бірегейі. Бірақ «бұзылып кетеді» деген қате пікірді ұстанып, тоңазытқышқа тыққылап жататын кездеріміз кезігеді. Балдың құрамындағы пайдалы қант мөлшерін, тоңазытқыш температурасы жойып жіберетіндігі есіңізде болсын. 

4.Пияз – астың әрін беретін көкөніс. Тоңазытқышта сақтаудың мүлде қажеті жоқ. Қызанақ секілді өз қаттылығын жоғалтып, жұмсақ күйге еніп,  турау барысында мезі етеді. Картоптың жанына қоюдың да қажеті жоқ. Картоптың тез бұзылуына әкеп соғады. 

5.Нан – ас адамның арқауы демекші, бір күн немесе бір жарым күн мөлшерінде ғана тоңазытқышқа қою мүмкіндігіңіз бар. Тоңазытқышта орналасқан өзге тағамдардың бар иісін бойына сіңіріп, жұмсақтық қалпын жоғалтады. 

6.Соус, кетчуп – дәмдеуіштерді тоңазытқышқа сақтауға болмайды. Әсіресе шыны ыдыста орналасса мүлде тоңазытқышқа салудың қажеті жоқ.  Ең абзалы сөрелерде сақтаңыз. 

7.Сарымсақ – көптеген үйлерде тор қалталарға салынған күйінде көп кезіктіреміз. Бұл өте дұрыс нұсқа, себебі сарымсақ тоңазытқышта өз сөлін жоғалтып, тез кеуіп кетеді. 

8.Кофе – таңғы ұйқыдан оянудың ең дұрыс шешімі десек артық айтпағандығымыз. Көптеген кофе қалталарында тоңазытқышта сақталсын деп жазылған. Тоңазытқышта кофе өз дәмін жоғалтып, ащы қалыпқа енеді. 

9.Асқабақ, қарбыз, қауын – тоңазытқышты қажет етпейтін тағамдар тізімінде. Оларға бөлме температурасы да жеткілікті.Себебі,тоңазытқышта өз дәмін жоғалтып,үсікке шалдығып,құрамындағы дәрумендер құнарлығын жоғалтады. 

10.Банан – тоңазытқышта сақтаудың түкке де қажеті жоқ. Төмен температурада бананның сыртқы келбеті өз өңін жоғалтады. Қарайып,құнарлығын жоғалтады. 

Ас болсын! Жоғары да айтылған, тағамдар тізбегін есіңізден шығармағайсыз.

М. Ақан