Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Жүзім - дертке шипа болатын жеміс

Жүзім - дертке шипа болатын жеміс

Жүзім - дертке шипа болатын жеміс

Жер бетінде ең алғаш пайда болған өсімдіктердің бірі – жүзім. Оның жапырақтарының ізі мен дәндерінің қалдықтары сонау бор дәуірінің қазба жұмыстарының арасынан табылған. Сондай деректерге қарап, мыс және қола дәуірінде жүзімнің дәл бүгінгідей өсіріле бастағанын байқаймыз. Археологтар жүзім ұрықтарын көбіне өзен маңындағы қоныстардан кезіктірген екен.

Египеттіктер жүзім өсіруді б.з.д 4000 жыл бұрын бастаған, жүзім шағы олардан финдіктерге жеткізіліп, кейіннен римдіктерге тараған. Ғылыми деректерде римдіктердің өз заманында жүзімнің 100-ге жуық түрін өсіргендіктері туралы да аз айтылмайды.

Қазіргі таңда жүзім ең көп өсірілетін аймақ – Кіші Азия. Жүзімнің шамамен он мыңдай түрі кездеседі.

Жүзімнің құрамында Р, С, В1, В2, В6, Д, Е, РР дәрумендері, калий, магний, кальций, фосфор, кобальт, никель, титан, бор, алюминий, силиций, йод, цинк, күкірт және маргенец секілді микроэлементтер болса, піскен жүзімнің 100 грамында 154 грамм карбондық гидрат, 1 грамм протеин, 1 грамм май, 21 грамм фосфор, 0,6 мг темір, аз-аздан болса да басқа да элементтер, түрлі дәрумендер, су кездеседі екен.

Жүзім құрамындағы магний адам денесіне де, мидың да тынығуына да ерекше әсер етеді. Ол бауыр ауруларын, қан аздықты (анемия) емдеуде көп қолданылады. Құрамындағы жеміс қышқылдары (тартарик, малик, суксиник, фумарик, пирувик, гликолик қышқылдары) бүйрек пен ішек жүйесінің жұмысын реттеуде, қанның тазаруы мен майдың еруіне көмектеседі. Дененің вирустарға қарсы тұруын да күшейтеді. 



Жоғары калориялы болуымен қатар құрамында өте аз мөлшерде май мен протеин болғандықтан жүзім өте тамаша қорекке жатады. Құрғақ жүзімде су аз болатындықтан оның калориясы өте жоғары әрі темір мен кальцийге өте бай. 

Жүзім адамның иммунитетін күшейтеді, жүйкені тыныштандырып, терінің түлеуін арттыра түседі. Ол сондай-ақ аллергия мен буындарда тұз жиналуының алдын алуда таптырмайтын жеміс. Жүзімнің құрамындағы табиғи фруктоза денедегі жұмсалатын қуаттың аз уақытта қайта қалпына келуін қамтамасыз етеді. Түстен кейін қос уыс жүзім немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми жасушаларына да өте пайдалы.

Жүзімді қалай таңдаймын?
Жүзімнің ең жақсысы - ұстағанда қатқылдау болатыны және ашық түсті келгендері. Жасыл түстегі жүзім алғыңыз келсе, сәл сарғыштауын, қара жүзімді қаласаңыз, қою түстісін таңдаған жөн. Жүзімді мүмкіндігінше сыртқы тозаңымен сақтай білген дұрыс. Сабағының құрғап қалғандығы – жүзімнің үзілгеніне біраз уақыт болғанын көрсетеді. Тез үзіле қоймауы жүзімнің сапасын білдіреді. Бір тал жүзімнің шіри бастауы тұтастай бір шоқ жүзімнің шіруіне алып келеді. Жүзімді сатып алғаннан кейін көп уақыт ұстамаған жөн. Жүзім міндетті түрде суық жерде сақталуы тиіс. Бөлменің жылылығы жүзімді тез солдырады. Жүзім тоңазытқышта бір-екі күн бойы бұзылмастан сақталып тұра береді. Тоңазытқыштан алынған жүзімді бір сағаттан кейін жесе, дәмі анағұрлым тәтті болады.

Сақтықта қорлық жоқ!

  • Дұрыс жуылмаған жүзімде пестицид, ашытқы саңырауқұлақтары, шаң-тозаң қалдықтары қалып қоюы әбден мүмкін;
  • Қара жүзім бас сақинасы ауруын жүдетіп жіберуі мүмкін;
  • Алқызыл жүзімнің құрамындағы таниндар сақина ауруын тудыруы мүмкін.

Сондықтан жүзімді мөлшерден тыс жеуден аулақ болыңыз. Ең бастысы жер алдында жақсылап жууды ұмытпаңыз.

Суреттер:scenicreflections.com,lenagold.ru,zelenplaneta.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

30921 7
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 18 қыркүйек 2012, 10:58
Пікірлер
+0
18 қыркүйек 2012, 11:53

Жүзімді қанша жесем де шықпаймын))

+0
18 қыркүйек 2012, 11:56

Бір жесек жүзін жейтін жүзім ғой))

+0
18 қыркүйек 2012, 12:07

Ұнайды маған

+0
18 қыркүйек 2012, 15:38

Жүзімді жанымның жылы жүзімен жымиып қарап жатып жесе, сонда шипа болар сіңімді)))

+0
18 қыркүйек 2012, 18:00

:) Жанат жолдас жүзім жайлы жазбаға жимып жатып жынды жазды ия

+0
18 қыркүйек 2012, 18:03

"Ж-латып" жынды жазғаны жанға жағады, Жако, және жазшы ) :) Ж-латудан жарысайық )

+0
18 қыркүйек 2012, 18:19

:lol: жузiмдi жаксы жейтiн жандар жузiм жайлы жазбаны жандардырып,Ж-латып,жынды жарысындар .....десен,я

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Бірде шаштаразда...
Бірде шаштаразда...

-Сіз сенесіз бе, зағиптық та маxаббатқа тосқауыл бола алмайтынына? Ал ол сенеді...

Автор: Әсем Құлман
Қарапайым логикалық сұрақтар...
Қарапайым логикалық сұрақтар...

Кейде, сәл ғана ойлану-жетістікке әкеледі.

Егер сіз дүниеге келмегенде...
Егер сіз дүниеге келмегенде...

Жабыққан сәтте жадыңда ұста!!!

Бізге вайн қажет пе?
Бізге вайн қажет пе?

Вайн тарихы.Вайнерлер турасында.

Автор: Nazym Samet
Досыңнан жауың жақсы
Досыңнан жауың жақсы

Шешімі қиын тағы бір сұрақ


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...