Мәзір: Көкөніс сорпасы

Мәзір: Көкөніс сорпасы

Көкөніс сорпасының тез дайындалатын мәзірімен таныс болыңыздар. Бұл сорпа 30 минутта-ақ дайындалатын нағыз жазғы тағам.

Құрамы:

  • 400 грамм қой қабырғалары;
  • 4-5 дана картоп;
  • 2 дана қызанақ;
  • 1 дана болгар бұрышы;
  • 2 дана сәбіз;
  • 1-2 дана пияз;
  • сарымсақ;
  • сұйық май, су;
  • тұз және бұрыш.
Пиязды тазалап, майда қылып тураймыз.

Сарымсақты да дәл солай.
Қазанға май құйып, қыздырамыз. Қабырғаларды пияз бен сарымсақты қоса отырып қуырамыз.
Болгар бұрышын майда текшелерге тураймыз.

Сәбізді ұзын текшелерге бөлген дұрыс.
Қызанақты майдалаймыз.
Көкөністерді етке қосып, қуырамыз. Тұздаймыз. 5-10 минуттан кейін су қосып, қайнатамыз. Тұз бен бұрыш қосамыз. 
Картопты текшелерге тураймыз.
Сорпаға картопты қосып, баяу отқа пісіреміз.
Сорпа дайын, асыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Сания Аринова

С. А