Бауыр — өте пайдалы ас

Бауыр — өте пайдалы ас
Фото: surak.szh.kz

Бауыр — жеңіл және өте пайдалы ас. Бұрынғы Египеттің өзінде оны пұрсатты кісілер тағамына қосқан. Авиценна қой бауырының жоғарғы емдік қасиеттері туралы жазған. Қаздың бауыры орта ғасырда патшалардың дәмді тамағы болып саналған. Қытайлықтар бұрынғы кезде бауырды жанның түйіні деп санаған және бұл бекер емес. Себебі адам үшін бауыр — зат алмасуды реттейтін ферменттер мен биологиялық белсенді заттардың бас фабрикасы. Ал балықтардың, сүтқоректілердің және құстардың бауыры өз құрамында пайдалы заттардың нағыз асылы болып саналады. Назарларыңызға бауырдың пайдалы тұстарын ұсынамыз.

Бауыр — дәрумендердің (әсіресе А дәрумені), микроэлементтердің (мыс, мырыш, темір) және айрықша сіңімді нысандағы таптырмайтын аминоқышқылдардың бай көзі. Яғни оның құрамында пайдалы заттар жетерлік. Оны ағзаның бауырдан алуы басқа өнімдерге қарағанда оңай. Сонымен бірге бауыр — бұл ас қорытуға және пайдалы заттардың сіңуіне көмектесетін дайын ферменттердің қоймасы. Әсіресе балықтардың бауыры өте пайдалы (нәлім мен минтай). Себебі онда А, С және В тобының дәрумендерінен басқа оның құрамында D дәрумені, йод, кальций мен фосфордың көп саны бар. Нәлім бауыры сіздің сүйектеріңіз, тісіңіз, тырнақ пен шаштарыңыз әлсіз болса, үстел үстінде орынды тағам болады. Минтай бауыры өкпе мен бронхтар үшін өте пайдалы (әсіресе сіз темекі шегетін болсаңыз).

Сиыр бауыры диетаға көбірек сәйкес келеді. Өйткені оның құрамында майы аз болады. Сиыр бауырын қалқанша без, бүйрек үсті безі, жыныс бездерінің ауруы болған кезде пайдалану өте пайдалы.
Бауырдан тағам жасайтындар үшін айта кетейік, жас бұзаулардың бауыры кез келген түрде (қуырылған, қыздырылып пісірілген, буда пісірілген) жұмсақ әрі дәмі жағымды. Сиыр бауырын дайындамас бұрын оны жұмсағырақ ету үшін суда немесе сүтте салу қажет. Бауырдан жасалған тағамдарды жұмсағырақ және пайдалы заттардың барлығын сақтау үшін отта ұзақ ұстамайды және ең соңында тұздайды.

Ерекше жеңсік ас — жас қозының бауыры. Оны сары майда тез қуырып, өте дәмді ыстық тамақ жасап шығаруға және оған жасыл бұршақ немесе «Бондюэль» жас сәбізін қосуға болады.

Сонымен қатар мынаны есте сақтаған дұрыс: Барлық бауырлар пайдалы бола бермейді. Ауру малдың бауыры гельминтті, зиянды бактерияларды жұқтырған болуы және улы заттар болуы мүмкін. Өнімді дұрыс сақтамау және тасымалдамау оның жарамсыздығына алып келуі мүмкін. Пайдалы болу үшін бауыр экологиялық таза болуы тиіс. Бауырды аяқасты нарықтан алып, өз денсаулығыңызға қауіп төндірмеңіз. Қосалқы өнімдердің барлығы ресми нарықта немесе дүкенде ветеринарлық анықтамасы және санитарлық нормалардың сақтау туралы сертификат болған жағдайда ғана сөреге қойылады.

Дереккөз: baq.kz

Н. Үсенова