Массагеттен мәзір: Жеміс десерті

Массагеттен мәзір: Жеміс десерті
Фото: massaget.kz

Бүгінгі материалымызда жемістерден және іркілдектен (желатин) десерт дайындаудың жолын ұсынамыз.

Қажетті азық-түліктер:

- 4 ас қасық қаймақ;

- 2 ас қасық қант;

- іркілдек (желатин);

- жеміс-жидек.

Іркілдекті (желатин) кесеге саламыз.

Алдымен суды қайнатып, суытып қоямыз. Содан соң кеседегі желатинге құямыз. Іркілдек көтерілгенше 30 минут шамасында күту қажет.

30 минут өткен соң кесені буға қойып іркілдекті араластырып, еріген соң аламыз. 

Келесі ыдысқа қаймақты және қантты салып, қант ерігенше жақсылап араластырамыз.

Қаймақпен іркілдекті біріктіреміз.

Өзіңіз қалаған мөлшерде кез келген жеміс-жидек алуыңызға болады. Мен бір мандарин алдым.

Мандаринді десерт ыдысына салып, кесені суықтау жерге 20 минутқа қоямыз.

Кесені алып жылы суға бір батырып аламыз. Содан соң, кесені тәрелкеге төңкеріп қойып, десертті түсіреміз.

Бетіне үккіштен өткізілген шоколад сеуіп безендіруге болады.

Жеміс десерті дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

А. Жапатова