Мұз болып қатқан етті жібіту

Мұз болып қатқан етті жібіту
Фото: rudaki.ru

Ет тоңазытқышта тұра беретін болса, мұз болып қатып қалады. Осының салдарынан баяу еріп, кешкі асымызды тым кеш ішеміз. Ал жұмысқа барарда шығарып кетейік десек, үйдегі мысық тиісіп, өзі бүлініп кетуі мүмкін. Бірақ алаңдамаңыз. Кезекті материалымыздан мұз болып қатқан етті жылдам еріту тәсілін оқи аласыз. 

Олай болса, іске кірісейік. Бізге герметикалық пакет, кастрөл, су қажет. Ең алдымен, суды кәстрөлге құйып, 60 градусқа дейін қыздырамыз. Артынша етті герметикалық пакетке салып, аузын жақсылап бекітеміз. Артынша суға саламыз. Қой мен сиыр еті үшін 12 минут, ал тауық етіне 10 минут жеткілікті. 

Толығырақ төмендегі видеодан көре аласыздар. 

Қ. Бүйенбай