Смузи: таңқурай және банан

Смузи: таңқурай және банан
Фото: zastavki.com

Демалыс күндері тәтті бір сусын ішкіңіз келсе, таңқурай мен бананнан смузи жасап үйреніңіз.

Ол үшін бізге:

-  150 гр таңқурай;
-  1 банан;
-  100 гр сүт;
-  ұнтақталған даршын керек болады.

Дайындау жолы:

Даршыннан басқа ингредиенттің бәрін блендер арқыл қою қоспа болғанынша араластырамыз. Стақанға құйып, үстінен даршын себеміз. Смузи дайын.

Ас болсын!

Ф. Абилова