Арықтау үшін мына тағамдарды жеу керек...

Арықтау үшін мына тағамдарды жеу керек...

Бүгінде арықтау үшін сан түрлі әдіс-тәсілдер бар екені бәрімізге мәлім. Соның бірі – дұрыс тамақтану. Артық салмақтан арылу үшін қандай тағамдарды жеу керек?

1. Жұмыртқа. Таңғы асқа жұмыртқа жей алмасаңыз, күндізгі немесе кешкі мәзірге қосуыңызға болады.

2. Ашытқан қырыққабат. Бұл тағам еттен, балықтан және картоптан жасалған тағамға қосымша ас бола алады.

3. Пісірілген картоп. Аз мөлшерде пісірілген картоптың құрамында 300 калорий бар. Көкөністермен немесе майлы емес сырмен пісірілген картоп – тамаша таңғы ас болады.

4. Йогурт. Дүкеннен өзіңізге ұнаған йогуртты (майлылығы 2 пайыздан аспауы керек) алып, күніне бір рет жеп тұрыңыз.

5. Бөрікгүл. Артық салмақтан арылуға көмектесетін тағамның бірі – бөрікгүл.

6. Үрмебұршақ. Ол антиоксиданттарға бай болғандықтан, қан құрамындағы қантты қалыпта ұстап, тәбетті нормаға келтіреді.

7. Миндаль. Жасұныққа бай миндаль жаңғағын жеміс-жидекпен бірге жеуге болады.

Сурет: plus.google.com

Ұқсас жазба:

Денсаулыққа қандай тағамдар пайдалы?

Ф. Абилова