Тоңазытқышта сақтауға болмайтын тағамдар

Тоңазытқышта сақтауға болмайтын тағамдар

Төменде аталатын тағамдарды тоңазытқышта сақтауға болмайды:

Нан – тоңазытқышта сақтауға болмайтын тағамның бірі. Ол жерде қалған нан ұзағырақ жарамды болады деген өтірік, керісінше, ол тез қатып, тоңазытқыштың ішіндегі басқа иістерді сіңіріп алады. Нанды бөлме температурасында төрт күндей сақтау дұрыс.

Сарымсақ суықты мүлде көтере алмайтынын білесіз бе? Оны тоңазытқышта сақтаудың еш қажеті жоқ. Құрғақ жерде ол екі-үш ай жарамды қалпында қалады. Ең бастысы, ауа кіріп тұрса болды.

Картопты тоңазытқышқа жақындатпаңыз! Мұның ең басты себебі – картоптың крахмалын төмен температура қантқа айналдырады. Оны сақтаудың дұрыс шешімі – кез келген қоймаға қағаз пакетіне салып сақтау қажет.

Қызанақ суықта неғұрлым ұзағырақ сақталса, соғұрлым тез бұзылады екен. Қызанақты үстелдің үстінде жылы бөлмеде сақтау керек.

Пиязға ауа өтуі үшін оны торда сақтаған дұрыс. Ал тоңазытқышта ауа өте аз әрі ылғал болғандықтан тез шіруіне алып кледі. Сонымен қатар ол қараңғы жерде ұзағырақ сақталады, себебі жарық оның дәмін өзгертіп жібереді. Сонымен қатар пиязды картоппен бірге сақтауға болмайды, себебі картоптан бөлінетін газдар мен ылғал пиязыңызды тез шірітіп жібереді.

Ұқсас материалдар: 

Ас үйдегі қулықтар

Ұннан жасалған тағамдардың көтеріліп піскенін қаласаңыз

Тағамдағы дәрумендерді сақтап қалу әдістері

Сурет: formul.ru

Ф. Абилова