Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Мәзір: Көктал

Мәзір: Көктал

Мәзір: Көктал

Ұлттық дастарханымыздың ерекше тағамдарының бірі көктал жайлы біраз сөз қылған едік. Енді, қолданышумыз Жако Жұмағали  ұсынған көктал мәзірін қабыл алыңыздар. Көкке серуендеуге шыққанда дайындауға әбден болатын бұл тағам оңай әрі өте тойымды. Тек балық пен кішігірім көкөністерді талап ететін бұл ерекше мәзірге арнайы көктал пісіретін пеш алып жүрсеңіз болғаны. 

Құрамы:

  • 1,8-2 кг сазан;
  • 2-3 дана қызанақ;
  • 1-2 дана қияр;
  • 1-2 дана болгар бұрышы;
  • 1-2 дана пияз;
  • Тұз, майонез.

Алдымен балықты тазалап жуамыз, арқасынан екіге жарамыз.
Жарылған балыққа тұз сеуіп, майонезді жұқалап жағамыз, оның үстіне қызанақты домалақтап кесіп, жаямыз.
Тағы да майонез жағып, үстіне қиярды жайғастырамыз.
Тағы бір қабат майонез жағып (майонезді жұқалап жағу керек), оның үстіне бұрышты дөңгелек қылып кесіп, соңынан пиязды дөңгелектеп турап, жаямыз.
Жан-жағын қаңылтыр (фольга) қағазымен жабамыз.
От жағып, шоқ жасаймыз. Балықты салып пісіретін темірді қыздырамыз.
Дайын болған балықты қызған темірге қойып, қораптың ішіне шоқты салып, балықты пешке саламыз.
Пештің аузын мықтап жауып, жан-жағына отын жинаймыз.
Отты жан-жағынан жағамыз. Балықтың пісуіне 30 минуттай уақыт жеткілікті.
Шоқтар басылғаннан кейін, (45 минут шамасында) балықты аламыз.
Көктал дайын! Ас болсын!

 Автор: Жако Жұмағали

2258 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 21 мамыр 2012, 17:31
Пікірлер
+0
21 мамыр 2012, 18:16

дәмді шығар да :?: ммммммммм, қашан қонаққа шақырасын :?: :roll: ;)

+0
21 мамыр 2012, 18:23

кунде шақырамын ғой өзің келмейсің апамнын шашуынан қорқып))) өте дәмді

+0
21 мамыр 2012, 18:24

)))))))))))))))))))

+0
21 мамыр 2012, 18:20

Керемет, Жако!

+0
21 мамыр 2012, 18:23

рахмет Саниялар

+0
22 мамыр 2012, 11:30

мммм, кім маған осылай пісіріп береді екен?)))

+0
22 мамыр 2012, 11:44

жүрегіңіздің ханзадасы пісіріп берер))))

+0
23 мамыр 2012, 15:55

майда сүйектері қайда кетед? :? жанып/пісіп кетіп жеуге кедергі келтірмеді ме? :idea: сүйегі жоқ үлкен балықты істейд дегенді естіп едім ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Добрый кит
Добрый кит

Синий кит әлде Добрый кит ? 50 күндік игі іс

Автор: Nazym Samet
Сіз сенер ме едіңіз?
Сіз сенер ме едіңіз?

Ал ол сенеді... Өйткені...

Автор: Әсем Құлман
Қарапайым логикалық сұрақтар...
Қарапайым логикалық сұрақтар...

Кейде, сәл ғана ойлану-жетістікке әкеледі.

Егер сіз дүниеге келмегенде...
Егер сіз дүниеге келмегенде...

Жабыққан сәтте жадыңда ұста!!!

Бізге вайн қажет пе?
Бізге вайн қажет пе?

Вайн тарихы.Вайнерлер турасында.

Автор: Nazym Samet

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...