Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Мәзір: Картоп қосылған тоқаш

Мәзір: Картоп қосылған тоқаш

Мәзір: Картоп қосылған тоқаш

Дәмі тіл үйірер керемет тоқаштың дайындалу жолын он саусағынан өнер тамған сүйікті қолданушымыз Айнара Байжан сайтымызға жіберді. Назарларыңызға ұсынамыз, сіз де дайындап көріңіз.

Құрамы:

Ұн
Cүт
Маргарин
Ашытқы
Жұмыртқа
Тұз
Қант
Шімішкі май
Картоп
Пияз
Аскөк

Қамыры:

  • Маргариннің бірнеше кесегін табаққа салып, үстіне ашытқыны саламыз (ашытқыны ерітпедім);

  • Жұмыртқаны жарып, саламыз. Жылы сүт құйып, араластырамыз;

  • Қоспаға тұз бен қант салып, әбден араластырамыз. Енді біртіндеп ұн салып илейміз;

  • 3 сағатқа жылы жерге қойып, көтерілгенін күтеміз.

Картоп езбесі:

  • Бұл уақытта тоқаштың ішіне салатын картобын дайындаймыз;
  • Картопты қабығынан ажыратып, қайнатып аламыз;

  • Піскеннен соң езіп, сүт пен сары май салып, жұмсартамыз;

  • Табада пияз бен аскөкті қуырып, картоп езбесіне қосып араластырамыз;

Тоқаш:


  • Енді көтерілген қамырды бірнеше бөліктерге бөліп, оқтаумен жаямыз;

  • Әр жаймаға бір ас қасық картоп езбесінен салып, аузын жапсырамыз;

  • Қызған майда қуырамыз;

Тоқаш әзір! Ас дәмді болсын!

20591 12
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 12 сәуір 2012, 12:40
Пікірлер
+0
12 сәуір 2012, 12:53

АРБ, айналаайын, Айнөкөн, қолың дерт көрмесін, тәтті рецептеріңді толтырып, жібере бер бізге! :)

+0
12 сәуір 2012, 13:48

Рақмет :D ! Істеуін істеймін. Қасымда фотоға түсіріп тұратын адамның жоғынан талай тағамдарым түсірілмей қалды! Енді жіберіп отырам ;)

+0
12 сәуір 2012, 14:36

суреттердің дәмдісін-ай :D

+0
12 сәуір 2012, 14:43

Керемет, күнде жеп жүрген бәлішіміз ғой :D

+0
12 сәуір 2012, 17:29

мен осылай жасап, қуырамын, көбінесе қыздырылған пешке пісіремін (майлы бәліш жеуге болмайтындар үшін) ;)

+0
12 сәуір 2012, 17:55

пеште де көрдім... Сіздің де мәзірлерге риза болам! Бөлісе отырыңыз! :ugeek:

+0
12 сәуір 2012, 17:30

менде "Медовый торттың" жасалу әдісін суретке түсіріп пост жазбасам ;)

+0
12 сәуір 2012, 18:07

Аспаздық курсына жазылғым кеп жүр. :)

+0
13 сәуір 2012, 17:56

ашыткыдан неше салу керек, нше касык?

+0
13 сәуір 2012, 18:32

Бес-алтау бері лақтырып жіберіңдерші!....... Плиизззз.....

+0
17 сәуір 2012, 16:02

шiмiшкi деген соз жок казак тилинде. дурысы шемишке немесе кунбагыс (ренжимениз, казашка ариптер жок менин клавамда) екиншиден токаш деген орыстын прянигы, пирожкиды балиш дейди :geek: :geek:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...