Тәп-тәтті қару-жарақтар

Тәп-тәтті қару-жарақтар

Сан-Францискодан шыққан суретші Скотт Хув 2005 жылдан бері ерекше мүсіндік торттарды жасаумен еңбектеніп келеді.

Биік өкшеден бастап жер асты құбыжығына дейінгі аралықта торттардың неше түрлі мүсіндерін туғызған. Бұл енді өз алдына өнердің дүниеге келуімен пара-пар.

Бүгінгі таңда Скотт “Guns and Ecstasy” (“Мылтықтар және экстаз”) көрмесін ұйымдастырып, онда ол оқпен атылатын қару мен шабуыл әскери-жарағына көп көңіл бөлгенге ұқсайды.

Бірақ, оның барлық дерлік еңбегін торт деуге келе бермейді. Өйткені, оның мүсіндік өнерлері кондитер өнімдерін сәндеуге арналған дәстүрлі құрал-аспаптары пайдаланылған акрильді гелдің қалың қат-қабатымен  тоңазытқышқа салынған автоматты винтовка және пистолет-пулеметтердің ірі габаритті макеттері (пішін, үлгі) болып табылады.  

Сурет:ladyforum.ladytech.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига