Қуыршақ кірпіктер

Қуыршақ кірпіктер

Заманауи сәнқой қыздар макияжда ең бастысы - артық кетпеу екендігін біледі. Алайда бұл ереже тушьқа қатысты емес. Осы маусымда визажист мамандар қуыршақ кірпіктер макияж үлгісін жасауға кеңес береді.

Бұндай макияж жасау үшін жақсы тушьпен кірпіктеріңізді бірнеше қабат жағыңыз. Астыңғы кірпіктерді ді жақсылап бояп шығу шарт. Бірақ бұндай макияжда басқа да ескеретін нәрселер бар екен.

  • Біріншіден, бет терісінің реңкін мінсіз қылу керек. Беттегі кемшіліктер көзіңізден көңілді аударып, бүкіл бейнені бұзуы мүмкін. Қою реңк беруші кремді өте жұқа қабатпенен жағыңыз. 
  • Ашық түсті бояуды қабаққа жақсаңыз болдаы. Осылайша боялған кірпіктеріңіз жақсырақ көрінеді. 
  • Астыңғы кірпіктерді бояңыз. Кейін тушьты тігінен ұстап, кірпік ұштарын тағы бір бояңыз. Бірнеше кірпіктерді қысып ұстап, жабыстырыңыз.
  • Жоғарғы кірпіктерді де дәл солай бояңыз. 
  • Макияждағы басты көңіл көзге бөлінгендіктен, ерінге табиғи түсті далап не жылтыр жағыңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: tumblr.com

С. А