СС крем деген не?

СС крем деген не?

ВВ крем - косметика саласындағы танымал құралдардың бірі. Оның кең таралуы ВВ кремінің көптеген түрлерінің пайда болуына алып келді. СС крем - солардың қатарынан.

Бұл косметикалық жаңалық ВВ крем сияқты Азияда пайда болды. ВВ аббревиатурасы ағылшынша Blemish Balm, яғни "кемшілік жасыратын бальзам" дегенді білдірсе, CC - Color Correcting, яғни "түс коррекциясы", "түс келтіру" дегенді білдіреді. 

Сонымен, бұл екі кремнің қандай айырмашылықтары бар?

ВВ кремі терінің ақауларын жасырып, ылғалдандырып, күн сәулелерінің әсерінен қорғайды. Жаңа СС кремдері де осы қызметтерді атқарып, оған қоса терінің түсін біркелкі, жарқын қылады. 

Тағы айтып өтетін жайт, ВВ кремдерінің басты қасиеті жақсы ылғалдандыру, демек ол көбінесе құрғақ теріге жағады. Ал СС кремі жеңіл, құрамында май аз болады, сондықтан ол терісі майлы аруларға пайдалы.

СС кремдер енді ғана танымал болып келеді. Көп ұзамай біздің елде де бұл косметикалық жаңалық пайда болады деп үміттенейік. ВВ мен СС кремдерінің артынан DD мен EE кремдері шыға ма екен?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: woman.ru

С. А