Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Шаш күтімі

Шаш күтімі

Шаш күтімі

Қыс бойы бас киімнің астында басылып, аязға әбден тоңған шашыңыздың қазіргі жағдайы мәз емес болар? Көктем жақындағанда шашыңызға ерекше көңіл бөлгеніңіз дұрыс.

Алдымен, шашты дұрыс кептіріп үйренейік. Шашыңызды күнде кептіруден шаршасаңыз, мына ережелерді ұстанып, шаш кептіруді ішті пыстырмайтын, шаш саулығына зақым тигізбейтін шараға айналдырыңыз. Сонымен шаш кептірудің 5 алтын ережесі:

 1. Шашыңызды қыстырғыштар көмегімен бірнешеге бөліп, қыстырып қойып, әр шаш бұрымын тарақтың көмегімен кептіріңіз. Шаш кептіретін фенді шашқа 10 сантиметрден кем тақатпаңыз. Осылайша, уақытты да үнемдейсіз, шашыңыз да сәнді  көрініп тұрады.

2. Шашты отырып кептіріңіз. Арулардың көбі шаштарын ваннада айнаның алдында тұрып, оның үстіне асығып кептіреді. Шаш сәндеу шеберлері бұл істі ойдағыдай атқару үшін ыңғайлы жайғасып, қол астыңызға керек болатын заттардың бәрін жиып қою керек дейді. Сондай-ақ, шашты отырып  кептірген уақытты үнемдейді екен.

3. Тарақты оң қолға алып (солақай болмасаңыз), фенді сол қолмен ұстағаныңыз жөн болады. 

4. Шашыңызды түбінен көтеріп кептіріңіз. Тарақпен шашты жоғары қарай тартып отырыңыз. Бұл шашыңызға көлем бермек.

5. Шашыңызды кептіргенде ауа ағынын шаштың бойымен бағыттаңыз. Бұл шаштың түбінен ұшына дейін дұрыс кебуін, сондай-ақ зақымданбауын қамтамасыз етеді.

Келесі кеңес ұзын шашты арман қылған аруларға арналады. Шашты ұзын әрі сәнді қылып өсіру үшін бірталай тер төгудің керек екені бәріне мәлім. Шаштың ұштарын 2 айда қысқартып тұру, шашқа арналған маскалар мен сұйықтықтарды қолдану керек. Сондай-ақ, шашты дұрыс таңдалған тарақпен жиі тарап отыру керек. Шаштың тез өсуіне көмектесетін мына масканы да қолданып көріңіз.

Маска құрамы:

  • Құрғақ горчица ұнтағы; 
  • 2 ас қасық ыстық су;
  • 1 жұмыртқаның сарыуызы;
  • 2 ас қасық зәйтүн (жожоба, шабдалы немесе кез келген косметикалық май);
  • 2 шай қасық қант ұнатғы.

Құрамдас бөліктерді қосып, араластырамыз. Шашымызға 15 минуттан 1 сағатқа дейін қалдыруға болады. Нақты уақыт масканың басыңызды қаншалықты ашытқанына байланысты болады. Шыдамды болған жағадайда 1 сағат күте тұрсаңыз болады. Алайда, басыңыз күйіп бара жатса, 15-20 минут та жеткілікті. 15 минут шыдамдылық танытып, масканы жуып тастамағаныңыз жөн. Басыңыз ашып, шашыңызға от жағылғандай болуы мүмкін. Сонда да, 15 минутта бас терісіне еш зақым тие қоймайды. Есесіне үйреніп, келесі жолы көбірек отыра аларсыз. Маска нәтижесінде шаштың өсуін тездетіп, шаш қалың әрі әдемі болады. Сондай-ақ, бұл маска шаштың түсуіне тосқауыл жасай алады.

Форумда талқылау

Сурет bulavochki.ru сайтынан алынды

50778 14
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 15 ақпан 2012, 17:00
Пікірлер
+0
15 ақпан 2012, 17:42

Мұндағы қантты балмен, ал ыстық суды айранмен алмастырса да болады.

+0
15 ақпан 2012, 23:44

Шашы ұзын екен.

+0
16 ақпан 2012, 09:40

Менің шашты фенмен кетіруге шыдамым жетпейді. Сондықтан фенді қолданбаймын.

+0
19 ақпан 2012, 22:16

2007 жылдан бері фенді қолданбаймын, өйткені шашатың құрылымын құртады. Шашты сүлгімен жақсылап сүртіп аламын да, шашымды жайып жүріп кептіремін ))

+0
19 ақпан 2012, 22:22

Осылй дұрыс негізі...

+0
21 ақпан 2012, 15:30

Басыңыздан суық өтіп кетпесін?

+0
16 ақпан 2012, 14:35

Соңғы уақытта шашқа күтім жасамай қойдым, енді жасап көрмесем, есіме түсіп кетті ғой.
Мен былтыр көктемде репейное масло, жұмытрқа(сарысы), әсел араластырып жасап тұрдым. Ара-арасында коньяк та қосып қойып жүрдім. Шашым беліме түсіп өсе қоймады, бірақ жұмсақ, жылтырап тұрды.

+0
19 ақпан 2012, 22:15

менің шашым беліме түсті, бірақ ұштары гүлденіп кетті, оны қидырсам қысқарып қалады (((

+0
19 тамыз, 12:52

дер кезінде қысқартпаса, ұштанғаны желкеңізге дейін жетеді. Мен де солай жүріп, шашымды құртып алдым

+0
17 ақпан 2012, 10:06

Мәселе қай ғасырда өмір сүруде емес шығар. Мысалы, мен де фен қолданбаймын. Еркеқыз, маскаңызды толығырақ айтып өтсеңіз? Репейное масло қайда сатылады екен?

+0
19 ақпан 2012, 22:14

кез-келген дәріханада немесе хозяюшка дүкенінде алса болады репейное маслоны, бағасы шамамен 300 теңгеден басталады

+0
21 ақпан 2012, 13:42

Менім тоқалдарымның шаштарына ұқсайды екен!

+1
19 сәуір, 15:36

менің шашым жұқа,көтерілуі қиын,фенмен кептірмеймін,себебі,көшеге шықсам не нарсеге жабысып,энергичный болып кетеді,ұшып.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...