Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Лактың ғұмырын ұзартайық

Лактың ғұмырын ұзартайық

Лактың ғұмырын ұзартайық

Маникюр жасауға кей кездері сағаттап уақыт кететіні әр аруға белгілі. Сол еңбекті зая кетірмей, лактың тырнақта сақталу уақытын қалай ұзартса болады?

  • Лак тырнақта ұзағырақ сақталуы үшін, одан бұрын арнайы түссіз лак сияқты сұйықтықты жағыңыз. Лактың үстінен де қорғаныс қабаты ретінде түссіз лакты жағуды ұмытпаңыз. Қорғаныс лакты күнде жаңартып тұрсаңыз, маникюрдің ғұмыры ұзара түседі.
  • Тым қалың қабатты лак ұзақ кеуіп, кепкенше бүлініп кетуі мүмкін. Сондай-ақ қалың жағылған лак кепкеннен кейін қабыршақтанып түсуі мүмкін. Түстің қанық болғанын қаласаңыз, лакты бірнеше қабат, әбден кептіріп қана жағыңыз. 
  • Маникюрдің үшінші қабаты - оны бұзудың бірден-бір жолы.
  • Лакты тырнақтың ортасынан бастап жағыңыз.
  • Лак бірнеше минутта кеуіп қалады, алайда толықтай қатуы келесі 12 сағатта болады. Сондықтан тырнақ бояғаннан кейін үй жұмысы, ыдыс жууды қалдыра тұрыңыз.
  • Маникюрді ұйқының алдында жасасаңыз, тырнаққа арналған май жағып, көрпеден қалатын іздерден сақтаныңыз. 
  • Лак жақпас бұрын, тырнағыңыздың таза, майлы емес, шаң-тозаңсыз екеніне көз жеткізіңіз. Тырнағыңыз таза болса да, оны алдын ала лак кетіретін сұйықтықпен сүртіңіз.
  • Тырнағыңыз онсыз да жұқа, жұмсақ, әлсіз болса, лак дұрыс жағылмайды. Сондықтан тырнақтарыңыздың жағдайын жақсарту шараларын қолға алыңыз.
  • Лак беті тегіс тырнаққа жақсырақ жатады. Тырнақты арнайы тегістейтін егеуішті қолданып, тырнақты түзулесеңіз болады. Алайда бұл дауаны айына бір реттен жиірек жасамаңыз, ол тырнақтың зақымдануына әкеледі.
  • Жалпы лак ұзаққа сақталсын десеңіз, оны қараңғы, салқын жерде сақтаңыз. Қолданар алдында лакты шайқамаңыз, ол лактың ауамен араласуына әкеледі. Одан да оны алақандарыңыздың арасына уқалаңыз. Лакты қолданып болған соң, аузын қағаз сулығымен сүртуді әдетке айналдырыңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: womanshine.net

2671 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 06 желтоқсан 2012, 14:22
Пікірлер
+0
06 желтоқсан 2012, 16:36

қарапайым лактан геловый покрития дұрыс па деп қалдым ұзаққа шыдайды

+0
09 желтоқсан 2012, 00:34

Лакқа "қош бол" дегем бірінші курста :|

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...