Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Органикалық косметика

Органикалық косметика

Органикалық косметика

"Табиғи, демек пайдалы" ұғымы дұрыс екенін косметолог мамандар баяғыдан аңғарған. Осыған орай органикалық косметика үлкен танымалдыққа ие бола бастады. Органикалық косметика деген не? Ол несімен жақсы?

Органикалық косметика тек табиғи компоненттер негізінде жасалады. Олар құрылысы бойынша біздің ағзамызбен үйлесімді болғандықтан, оған еш зиян тигізбей, керісінше пайдасын береді. Органикалық косметикалық құралдар 95%-ға табиғи құрамдас бөліктерден тұрады. Оны даярлауға экологиялық таза жерде өсірілген, химиялық тыңайтқыштар қолданылмаған өсімдік түрлері ғана пайдаланылады.

Әрине бұндай косметикада да консерванттар жоқ емес, алайда олар да табиғи заттардан жасалады. Органикалық косметика дайындауда қара үйеңкі қабығын, грейпфрут сүйектерін, розмарин, барбарис экстракттерін, Е дәруменін және басқа да табиғи заттарды қолданады. Үйреншікті синтетикалық косметикаға қарағанда, органикалық түрлерінде био белсенді табиғи компоненттер болады. Олар ағза үшін зиянды емес. Бұндай өнімдерде 50%-ға көбірек дәрумендер мен минералдар және басқа да қоректендіргіш микроэлементтер бар. Органикалық косметика өндіруде жоғары технологиялар қолданылады: өсімдіктерді жылдың белгілі бір уақытында, белгілі бір температура мен қоршаған ортаның жағдайында ғана жинайды. Бұл кезде сол өсімдіктердің пайдалы заттар бөлу қасиеті әлдеқайда жоғары болады. Органикалық косметика ағзаны уландырмай, керісінше ағзадан артық кір-қоқыстарды шығарады.

Органикалық косметиканың сапалы болғаны шарт. Қорабында сертификация белгісінің бар екендігіне көз жеткізіңіз. Ең жиі кездесетіндері: EcoCert пен CosmeBIO (Франция), BDIH (Германия), ICEA AIAB (Италия) және USDA (АҚШ). 

Мұндай косметиканың ең жақсы жері - ол аллергия қоздырмайды. Қарапайым косметикадағы синтетикалық дәрумендер, бояулар мен химиялық консерванттар адамның аллергик болуына ықпал жасайды. Ал органикалық косметика тіпті, уақыт өте аллергияны жазуы мүмкін.

Органикалық косметиканы қолдану - қоршаған ортаны сақтауға бір қадам. Көптеген жұлдыздар осындай косметиканы қолдану арқылы өздерінің экология жағдайына алаңдайтындықтарын көрсетеді. Органикалық косметиканы өндіретін компаниялар жануарларға тест өткізбейді, көп жағдайда косметиканың қораптары да органикалық, уақыт өте өзі ұсақталатын болады.

Органикалық косметиканың сыртында міндетті түрде organic деген белгі болады. Dr.Hauschka, The Body Shop, Living Nature мен John Masters Organic маркалы органикалық косметикалардың танымалдығы жоғары. Айта кетсек, органикалық косметика қарапайым косметиканың бағасындай-ақ тұрады. 

Ал сіз органикалық косметика қолданып көрдіңіз бе?

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер:thegloss.com

3136 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 22 қараша 2012, 17:02
Пікірлер
+0
22 қараша 2012, 18:52

ылғи қолданып жүрем, біздің үйде тек органикалық косметика:) күнделікті жағатын крем - эдельвейс пен антартисиннен тұратын биоэмульсия, сондай-ақ көздің астына жағатын сенегал акациясы қосылған биолифт, мамам био маска жағады, эффектісі 100 пайыз:)

+0
22 қараша 2012, 21:51

маркісі қандай?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Том Сойермен балалық шаққа..."

Марк Твеннің таңдаулы туындылары

Автор: Nazym Samet
Жетінші аптаның үздік блогы
Жетінші аптаның үздік блогы

Демалыс кезінде блог жазуға да уақыт тапқан оқырмандарымызға алғыс айтамыз

"Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем!.."

. Әлемде миллиондаған аналар бар. Олардың әрқайсысы ерекше, әрі қайталанбайтын...

Мен мақтан тұтамын!
Мен мақтан тұтамын!

“Дарын – армандардың орындалатын құт мекені” деймін.

Егер мен жазушы болсам...
Егер мен жазушы болсам...

Егер мен жазушы болсам, "Махаббат, қызық мол жылдар" романының шешімі қандай...

Төрт алынған екі
Төрт алынған екі

Төрт алынған екі деген есепке төрт деп жазғаным себепті, мұғалімнен екі күн сын...

Автор: Естен Ербол

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...