Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Бұл мен қалаған шаш сәні емес!

Бұл мен қалаған шаш сәні емес!

Бұл мен қалаған шаш сәні емес!

Сән салонына айына кем дегенде бір рет барып, шаш қидырып, сәнін жаңартып тұрамыз. Шаш сәнін өзгерткіңіз келсе де, нәтижесінен қорықсаңыз, мына кеңестерді біліп жүріңіз.

Сонымен салоннан шыққаннан кейін жаңа шаш сәніне қөңіліңіз толу үшін алдын ала дайындалыңыз.

Стилиспен кеңесіңіз

Ұнаған салоныңызға немесе біреудің мақтаған стилисімен кеңесуге жазылыңыз. Ол сіздің шаш жағдайыңызға баға беріп, бет пішініңізге қандай шаш сәндері жарасатындығы жайлы айта алады. Онымен бірге сәнді журналдар ақтарып, сізге жарасады деген шаш сәнін табуға тырысыңыз. Стилист екеуіңіз бір-біріңізді түсінгеніңізді байқасаңыз, оған қорықпастан шаш қырқуға жазылыңыз. Басқа жағдайда, стилист іздеуді жалғастырыңыз.

Мысал үшін

Шаш сәнін өзгертемін деп ниеттенген қыздар көп жағдайда жаңа келбеті қандай болатындығы жайлы ойланбайды. Шаштараздың орындығына отырып, "жаңарғанды қалаймын" деген қыздар артынан шашының неге сарыға боялып, ұзындығы өзгергенін түсінбей қалады. Сол себепті шаштаразға аттанбас бұрын, сән журналдарын, ғаламторды ақтарып, ұнаған шаш сәндерінің суреттерін өзіңізбен бірге ала жүріңіз. Бұл шаштаразға әлдеқайда көмектесіп, соңғы нәтиженің көңіліңізден шығуын қамтамасыз етеді. 

Жаңа шаш сәніне күтім

Шаштараздан шыққандағы кейпіңіз әдемі болуы мүмкін, алайда бірнеше күн өткеннен кейін, шаш сәніне өзіңіз күтім көрсетіп, дұрыстап кептіріп, жатқызуыңыз керек болады. Осыған байланысты сұрақтардың бәрін стилиспен ақылдасып алыңыз. 

Бұл мен қалаған шаш сәні емес!

Шаштараздың айнасындағы көрініс көңіліңізден шықпаса, салонда шу шығарып, ұрыс бастаудың қажеті жоқ. Ұнамаса, жаңа шаш сәніне үйреніп кетемін деп кетіп те қалмаңыз. Ұнамаған жерлерін бірден шаштаразға айтудан ұялмаңыз. Стилист міндетті түрде шаш сәні көңіліңізден шығатындай қылып істеп беруге тырысады.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: olx.ru 

3676 7
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 22 қараша 2012, 14:08
Пікірлер
+0
22 қараша 2012, 14:33

Бір рет шашымды маған ұнамайтындай етіп қиып берді. Салоннан жыным ұстап шығып келе жатсам, алдымнан танысым шықты да, "Уау, әдемі болып кетіпсің ғой" деді. )))) Сондықтан бірден шешім қабылдамаған дұрыс :D

+0
22 қараша 2012, 14:50

"Мақатаған қыз тойда бір нәрсе істейді" дегендей бір мақтаған стилист ағайға барғанмын. Шашыиды быт-шыт етіп берді. Жылап шыққанмын. Содан кейін ер-азаматтарға шашымды қидырмаймын.

+0
22 қараша 2012, 15:28

қазір салонға барғанда қорқып тұратын болдық қо

+0
22 қараша 2012, 17:07

Алматыда қымбааааат қой, Бір шаш түзеткеннің өзіне аз сұрамайды. Өзімнің мамам шаштараздық жағынан хабар ыбар кісі. Аздап оқып алса тағы ;) Теп-тегін болар ед сосын

+0
22 қараша 2012, 18:00

Менің де шашымды быт шыт қылып берген(((, шашым ұзыын еді...

+0
22 қараша 2012, 20:25

шашы быт шыт болмаған адам жоқ сияқты өзі :D

+0
03 желтоқсан 2012, 01:52

)))) ее бұл баспен алыспайтын жан жоқ шығар, ең дұрысы шашты қимау керек.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...