Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Далап пен мінез

Далап пен мінез

Далап пен мінез

Әр арудың сөмкесінен табылатын далап бойынша оның қожайынының мінезін анықтауға болады екен. Кәдімгі далаптың төбесінің пішіні сізге құрбыңыздың  (сүйіктіңіз, әріптесіңіз, тіпті өзіңіздің) сырларын ашпақ.

1. Егер далап ұзақ уақыт бойы сәл үшкір пішінді сақтаса, оның иегері - епті, өзіне сенімді әйел, алайда, ол керітартпа көзқарасты ұстанатын көрінеді. Өзінің артықшылықтары мен кемшіліктерін біле тұра, ұсақ-түйек істермен әуре болмайды. 

2. Далаптың төбесі біртекті дөңгелетілген. Бұл далаптың қожайыны әрқашан дегеніне жететін, салқынқанды, өзіне тұра алатын  батыл ханым. Оған бейберекеттік, ұқыпсыздық тән емес, ол бәрін де алдын ала жоспарлап отырады. Еңбексүйгіштігі мен жинақтылығының арқасында талай белестерді бағындыра алады. Бұл аруға жетіспейтіні тек мысқыл сезім. 

3. Далаптың төбесінің пішіні біртекті емес. Бұл далапты күнделікті қолданатын қыз - қызба мінезді, түймедейді түйедей ететіндердің қатарынан. Алайда, ол мінезінің бұл қырын өзіне деген сенімділік пен пысықтықтың артында жасырғысы келеді. Адамдарға күдікпен қарайды. Кешкі серуен, сәнді киімдерге құмар. 

4. Далап қарындаштың ұшындай ұшталған сияқты болғаны -  әйелдің өзімшілдігінің көрсеткіші. Олардың ерекшеліктері - өзіне деген түсіндірілмейтін махаббат, менмендік, тәкаппарлық, басқалардың пікірін мүлдем қабылдамауы. Адамдармен қарым-қатынас орнатуы қиын, алайда, олар өзін мінсіз санайды.

5. Далаптың беті теп-тегіс болған жағдайда,  бұл ару туралы келесідей айтуға болады. Бұл қыз - нағыз оптимист, уайым-қайғыға берілу дегенді мүлдем білмейді. Ол ойлағанын тік айта береді, көңілді, адамдармен оңай тіл табыса алады. Күнделікті ұсақ-түйек қиындықтарды байқамайды, алайда, кейде өзінің турашылдығымен біреуді өкпелетіп қойғанын да байқамай қалады.

6. Ұшы түсіп қалған қарындаш сияқты пішінді далап өте сирек кездеседі. Содан болар, оның қожайынының да мінезі екінің бірінде кездесе бермейді.  Бұл ханым - нағыз көңілдің адамы.  Тұрақты емес, тез күліп, тез жылай салатындардың қатарынан, кереғарлықтардың жиыны. Ол көңілді, көпшілік назарында болады. Сонда да, оған кез келген уақытта сенім артпағаныңыз жөн.

7. Тік бұрышты үшбұрышқа ұқсайтын далап қиялы бай әйелдің сөмкесінен табылады. Бұл - кәсіпкер, ісіне жауапты, өз ойын әдемі, дұрыс жеткізе алатын ару. Алғыр, басқалардың кемшілігіне сабырлы қарайды. Еркелемейтін бұл ханымға әр уақыт сенім артса болады. 

8. Қиық конус іспетті пішінді далаптың қожайыны сабырлы, өмірге риза ару. Адамдармен қарым-қатынасы керемет, әр уақыт күлімсіреп жүреді. Тек бір кемшілігі  - қызғаншақ. 

Сурет Ғаламтордан алынды

6779 18
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 02 ақпан 2012, 15:39
Пікірлер
+0
02 ақпан 2012, 16:00

Менікі бесінші екен. )) Бірақ мен сондай керемет оптимистпін деп айта алмаймын. Бірақ кейде тік айта салатын кезім болады, ал кейде керісінше көңілге қарап тұрамын. )

+0
02 ақпан 2012, 16:03

Ал мен блеск жағамын!)))

+0
02 ақпан 2012, 16:04

Хехехе, қызық екен)))) Далапты көп қолданбаймын. Бірақ, қолданған жағдайда менің далабым дөңгеленіп кетеді (2). Берген мінездеменің келісетін және келіспейтін тұстары бар)))

+0
02 ақпан 2012, 16:22

Қызық, менікі 7-ге келеді ғой дим..))

+0
02 ақпан 2012, 16:45

Мен сұйық далап пайдаланамын.

+0
02 ақпан 2012, 18:14

Меніңкі негізі - 7, ал бірақ 3-тің-де кейбір жерлері келеді:))

+0
02 ақпан 2012, 18:15

сіздікі микс болды)))

+0
02 ақпан 2012, 18:43

менде бәрі бар десең иа :)). Мен көп далап қолданбаймын да

+0
02 ақпан 2012, 18:44

Қызық екен. Мен де далапты көп қолдана бермеймін. Қолданған күнде Сәния сияқты блеск жағамын. Сыйға берген бір далап бар еді, арасында қолданам. 7 -ге келеді пішіні. Бірақ ешқандай кәсіпкер емеспін. Көп болмаса да аздап еркелеп қоятыным бар енді. ))

+0
02 ақпан 2012, 18:45

)Болашақта кәсіпкер ханым болып кетерсіз)))

+0
09 ақпан 2012, 15:02

Аумин, жаным! )) Ондай болса жақсы ғой! ))

+0
02 ақпан 2012, 19:19

далаптың ұшын енді жақсы қасиеттермен көмкерілген пункттерге бейімдейтін болдым ))

+0
02 ақпан 2012, 20:01

Сөмкемді ашып жіберіп, түсі жоқ, бірақ ерінге жақсы жағылатын екі далабымның қақпағын ашып қалсам, екеуі де 3-ші суретке сай келеді екен. Настроением аздап түсіп кетті, жаман қыз емес едім ғой деп қоямын:)) Инфо өте-мөте қызықты!

+0
06 ақпан 2012, 16:44

Маған 2 вариант түсті))) мен осындай адам есеспің деп ойлаймын)))

+0
15 ақпан 2012, 15:02

дәл табылып жазылған

+0
15 ақпан 2012, 15:10

иә, менікі де дәл түсті.

+0
16 ақпан 2012, 14:06

Мүлде далап пайдаланбайтын болсақ ше? сонда мінезіміздің қандай болғаны?)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...