Басыңызды қанша уақыт сайын жуасыз?

Басыңызды қанша уақыт сайын жуасыз?
Фото: Серик Байболсынов

Біреулер басын аптасына бір рет жуса, енді біреулер күн сайын жуады. Өзімізге күтім жасау жақсы, әрине. Бірақ басты күн сайын жуу артық, тіпті зиян. Бұл кеңесті шаштараздар көп ескертеді.

Көптеген кәсіби шаштараз басты аптасына 2 реттен артық жууға болмайтынын алға тартады. Бостонның шаштаразы Ван Капиццано тіпті сусабыннан бас тартуды ұсынады.

Себебі сусабын құрамында шашқа кері әсерін тигізетін қоспалар көп. Күкірт қышқылы мен басқа да химиялық заттар шаштың табиғи майы мен ондағы сау, жұмсақ, жылтыр көрсететін элеметтерді жояды.

Шашқа "сынып тақтасы" секілді қараудың қажеті жоқ, яғни, душтан соң құрғағанша сүртудің керегі шамалы. Оның орнына шашқа күтім мен қоректі қажет ететін "өсімдік" секілді қараған абзал.

Әр күн сайын душқа түспесе жүре алмайтын адамдар уайымдамаса да болады, шашқа су тигізуге болмайды деп отырған жоқпыз. Сусабын мен көбікті нәрселерді қолдану орнына, ыстық душта бас терісіне саусақтармен массаж жасаса жеткілікті. Бұл терідегі өлі жасушалар мен кірден сол сәтте арылтады.

@. @assel_assanova