Шаш сәнін жаңартыңыз

Шаш сәнін жаңартыңыз

Шашты бірқалыпты жинаудан шаршадыңыз ба? Шаш сәніңізді бір сәтте жаңартудың жолдарымен таныс болып, күнделікті кейіпіңізді өзгертуден шаршамаңыз.

Көлемді түйін

Дәстүрлі түйілген шашқа өзгерту еңгізіп, көлем қосыңыз. Жаздағы ыстыққа байланысты, бұл шаш сәні ерекше танымал болмақ.

Кішкене "помпадур"

Басыңыздағы кішкентай кекіл шаш сәніңізге ерекшелік пен сән береді. Соңғы кезде өте танымал болған шаш сәні.

Түсті шаш

Қорықпаңыз, шашыңызды жасыл не қызылға бояу шарт емес. Көңіліңізден шығатын түстерді таңдап, кейбір шаштарды бояңыз. Өз шаш түсіңізді өзгертпей, өзіңізді жаңарған сезіне аласыз.

Өріліп жиналған шаш

Өрудің түр-түрін қолдана отыра, осылайша шашыңызды жинап, шаш сәніңіз көзге түсетіндей болады.

Шаш аксессуарлары

Түрлі әшекейлер, гүлдер, шаш жиектерінің түрлігінің арасынан өзіңізге, көңіліңізге, баратын жеріңізге сай түрін таңдап, кейіпіңізді сәтті аяқтаңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: cosmo.com.ua

С. А