Алма сіркесінің шашқа пайдасы

Алма сіркесінің шашқа пайдасы
Фото: Асхат Нурекин

Алма сірке суының адам ағзасы үшін пайдасы мол. Оны тағамдарға қосып қана қоймай, басқа мақсатта да пайдаланады. Бүгін оның шашқа тигізетін жағымды әсері турал айтатын боламыз. 

Алма сірке суының пайдасы:

- шаштың түбін қоректендіреді;

- шашты селдіретіп, жылтыратады;

- түбін қатайтады;

- өсуін жылдамдатады;

- қайызғақты кетіреді;

- қышынуды басады;

- артық майды кетіреді;

- шаштың сынғыштығын азайтады;

- түсін қанық қылады;

- қышқылды-сілтілік теңгерімді қалпына келтіреді;

- электрленуді азайтады.

Алма сірке қышқылынан өзге жүзім мен таңқурайдыкін алуға болады. Алайда олар алманыкіне қарағанда қымбатырақ тұрады. Жоғарыдағы рәсімге «асханаға» арналған түрі жарамайды. Тек табиғи болғаны жөн. Себебі алғашқысы химия жолымен алынған.

Қолданылуы:

1. 1 литр суға 1 ас қасық алма сірке қышқылын қосыңыз. Егер шашымнан жағымсыз иіс шығады деп қорықсаңыз, эфир майын тамызыңыз. Иланг-иланг майының пайдасы мол.

2. Шашыңызды жақсылап жуған соң сірке қосылған сумен шайыңыз. Алма сіркесін шаштан кетірудің қажеті жоқ. Иісі бастапқыда білінгенімен, артынша кепкен соң сезілмейді.

3. Шайып болған соң басыңызды орамалмен ораңыз. Фенсіз кептіргеніңіз жөн.

Қ. Бүйенбай