Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Жазда балғындықты сақтаудың 6 әдісі

Жазда балғындықты сақтаудың 6 әдісі

Жазда балғындықты сақтаудың 6 әдісі

Қазіргі ыстықта қаламыздың шаң-топырақ көшелерінде жарты сағаттық серуеннен кейін-ақ "Шіркін, қазір салқын душқа түссе ғой!" деген ойлар пайда болады. Кеше ғана суға түскен болсаңыз да, кеңсеңізге жетемін дегенше терлеп-тепшіп, балғындық сезімі атымен жоқ болады ма? Жаздың аптап ыстық күндері мына кеңестерді есіңізге алып, сәл де болса ыстығыңызды басыңыз.

Шөп қосылған ванна қабылдау. Емдік қасиеттері бар шөптердің қайнатпалары қосылған ванна артық терлегенді баса алады. Мысалға түймедағы, қырықбуын (хвощ) не емен қабығы бар шөптермен жуыныңыз.

Дезодорант. Теріңізді бәсеңдететін дезодорантты дұрыс таңдау керек. Спрей-дезодорант жағымсыз иіспен күреседі, алайда терлегеніңізді тоқтата алмайды. Ал антиперспирант тер бездерінің жұмысын 50%-ға азайтады. Ал дезодорант-антиперспирант терлеуді азайтып, бактериялармен күресіп, иісін де жасырады. 

Сабын. Даладан үйге ыстықтап келген сәттері суға түсіп, сабынмен теріңізді ысқылап жуғыңыз келеді ме? Сабын тері, шаң-тозаң, кірдің бәрін жуып, одан кейін балғындық сезімі қалады деп санайсыз ба? Асықпаңыз. Бұл қасиеттеріне қоса сабын теріні қатты құрғатады, ал ол өз кезегінде терінің май бездерін қоздырып, оларды белсенді жұмыс істеуге итермелейді. Нәтижесінде сіз одан көп терлеп, теріңізге май одан да көп бөлінеді. Сондықтан сабынның орнына душқа арналған гель, не крем негізінде жасалынған жұмсақ сабындарды қолданыңыз.

Термалды су. Жазда сөмкеңізде осындай судың бір бөтелкесін ұстап жүріңіз. Тым ысып кеткен кездері теріңізге термалды су шашып қойыңыз. Бұл терінің ылғалдығын сақтап қалуға көмектеседі. 

Эвкалипт майы. Эвкалипт майының суға ерітіндісін кішкентай бөтелкеге құйып алып өзіңізбен алып жүріңіз. Қолыңыз бен бетіңізге бір тамшысын жақсаңыз, сол сәтте балғындықты сезесіз.

Жоғары түйілген шаш. Жазда шашты жіберіп жүру мүмкін емес шығар. Сондықтан түйілген шаш осы маусымда сіздің сүйікті шаш сәніңізге айналар. Түрлі резеңке мен қысқыштарды пайдаланып, күні бойы терлемей жүріңіз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: centennialhillshospital.com

6553 7
Рейтинг: +3

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 22 маусым 2012, 16:50
Пікірлер
+0
22 маусым 2012, 13:40

сабынның көзін құрту керек болды :D

+0
22 маусым 2012, 15:01

Сания, мәледессін! рахмет. жақсы кеңестер!!!

+0
22 маусым 2012, 15:01

"Қандай балғын, бааааалғын" деп жүру үшін тамаша кеңестер екен!!! Рахмет :D

+0
22 маусым 2012, 15:24

Шашты жинап журген ең дұрысы сияқты

+0
22 маусым 2012, 15:27

екі күн болды терлеп өліп жүрмін, өзім де осы сұраққа жауап іздеген едім

+0
25 маусым 2012, 14:52

Кеңесіңізге рахмет!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Сіз жарнамалаушысыз
Сіз жарнамалаушысыз

Cіз білесіз бе?! Күн сайын қанша рет жарнама жасайсыз?

Автор: Қара Бала
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс

Қадірлі де әділ снаушы оқырман! Бұл менің толғанысым. Мен ешкімді ренжітіп,...

Ақыл деген қасиет...
Ақыл деген қасиет...

Менімен жастылар болашақ мамандыққа юристті таңдайды. Өйткені бұл мамандық...

Cізге тән мамандық қандай?
Cізге тән мамандық қандай?

психологиялық тест арқылы өзіңізге тән мамандықты анықтап алыңыз...

Өмір кезеңдері
Өмір кезеңдері

Өткінші өмір...


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...