Сырт келбетімізге күтім жасайық

Сырт келбетімізге күтім жасайық

Алма сіркесінің сырт келбетімізді, денсаулығмызды күтуде қандай пайдасы бар екенін білесіз бе?

1. Шаш күтімі

Сусабынмен жуғаннан кейін алма сіркесімен шашыңызды шайсаңыз, шаштарыңыздың әлсіздігін емдеп, жылтыр әрі жібектей етеді.

Алма сіркесінің жарты ас қасығын бір стақан суық сумен араластырып, әр жуған сайын шашыңызды шайып отырыңыз.

2. Бет пен теріні күту

1:2 пропорциясындай сумен араластырып, мақтамен бетіңізді сүртесіз. Мұны бетіңізді жуғаннан кейін істеу керек. Содан соң ғана ылғалдандырушы иісмай жағуға болады. Беттегі дақтарды кетіруде жақсы көмекші осы алма сіркесі. Сондықтан оны ұйықтар алдында бетке жағып, түнге қалдырады.

Егер теріңіз күнге күймесе, 1-2 стақан алма сіркесін қосып, ванна қабылдаңыз.

Егер ауыр күннен кейін қол-аяқтарыңыз шаршап, ісіп кетсе, алма сіркесін пайдаланып, массаж жасаңыз.

Эпиляциядан кейін терінің тітіркенуін алдын алу үшін, алма сіркесін пайдалануға болады. 1:1 пропорциясында сумен араластырып, қолданыңыз.

3. Тіс күтімі.

Тісті ағарту және дақтардан құтулу үшін алма сіркесін пайдаланыңыз. Тіс тазалаудан кейін әрдайым аузыңызды алма сіркесімен шайып, содан соң сумен шайып отырыңыз.

4. Артық салмақтан арылу үшін де алма сіркесінің пайдасы зор. Бір ас қасығын бір стақан сумен араластырып, таңертең аш қарынға ішіп тұрыңыз. Бұл тек арықтау мақсатында емес, ағза балансын қалыпқа келтіруге де көмекші.

Егер тағамнан улансаңыз, 2 ас қасық алма сіркесін бір литр ауыз суына қосып, күн ұзаққа ішіп тұру керек.

Денсаулығыңыз бен сыртқы келбетіңізге күтім жасаңыз, сонда ағзаңыз сізге рақметін айтады.

Сурет: woman365.ru

Оқи отырыңыз:

Әжімдерден арылу жолдары

Мамандар түрлі-түсті диета ойлап тапты

Бетке үй жағдайында күтім жасап үйренейік

Ф. Абилова