Қыздар сұлу көрінер...

Қыздар сұлу көрінер...

Сұлу көрінуді армандамайтын ару жоқ шығар. Жалпы сұлулық туралы түсінік әртүрлі. Халқымыз: «Сұлу – сұлу емес, сүйген – сұлу» деп сұлулықтың сырын бет ажарына емес, одан тереңірекке меңзейді.

Дегенмен бүгінгі әңгімеміз бикештердің жүзін әрлейтін реңдес иісмай (тональный крем) туралы болмақ.

Косметолог мамандар реңдес иісмайды жаздық және қыстық деп бөледі. Сондықтан қыстық реңдес иісмай жайлы ғана әңгімелейміз.

Ұзақ уақыт дәрігерлер реңдес иісмайды 15–25 жас аралығындағы қыздарға қолданбауға нұсқау беріп келді. Алайда қазіргі кездегі реңдес иісмайлардың көбісі теріге зиян келтірмеу жағы ескеріліп жасалғандықтан, жас аруларымыз пайдалана алады.

Біз сіздерге қыз-келіншектердің таңдауы бойынша ең үздік 3 нұсқаны ұсынамыз: Maxfactor, Vichy, Maybeline. Ал енді нақты таңдау мен дұрыс қолдануына тоқталып өтсек.

Реңдес иісмайдың түсін қалай таңдау керек?

Қате әдістің бірі – иісмайды білекке жағып көру. Білек пен бет терісінің түсі көбіне сәйкес келе бермейді. Сондықтан бетке жағып көру керек. Күнге күйген әсер беремін деп кейде қыздар күңгірттеу түсті реңдес иісмайды пайдаланады. Нәтижесінде тамағы мен қолдары ақшыл, ал бет терісі қоңырқай болып көзге ерсі көрінеді.

Сондай-ақ әрбір бикеш өзіне лайықты түрін, яғни құрғақ теріге не майлы теріге арналған таңдауды ұмытпағаны жөн.

Реңдес иісмайды қалай қолдану керек?

Алдымен ұйқыдан тұрып, жуынып-шайынғаннан кейін бет күтіміне арналған иісмай жағылады. Ал реңдес иісмай үйден шығардан 15 минут бұрын жағылады. Содан соң айнаға күлімсіреп қарап алып, көркіңізге дән риза көтеріңкі көңіл күймен үйден шығасыз...

Жұмыс не оқу күні аяқталып, үйге оралған бойда арнайы сабын не тоникпен жуып, бетіңізді тазалауыңыз керек. Түнгі крем, не бетке арналған ылғалдандыратын кремді жағып, бет терісіне күтім жасаңыз.

Әрқашан сұлу болып жүре беріңіздер, арулар!

Сурет: kosmetican.ru

Оқи отырыңыз:

Бет күтіміне арналған кеңестер

Алмадан маска дайындау

Балдан шашқа арналған маска жасау

Ф. Абилова