Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / ШАХЗОДА - әнші, актриса: "Пластикалық хирургияны қолдаймын"

ШАХЗОДА - әнші, актриса: "Пластикалық хирургияны қолдаймын"

ШАХЗОДА - әнші, актриса:

ТМД елдеріне танымал эстрада жұлдызы Шахзоданың сұлулық туралы ойлары назарларыңызда!

Шахзода, қазіргі таңда пластикалық ота жасау — танымал адамдар үшін қажеттілік. Сіздің көзқарасыңыз қандай? Сұлулық үшін пышаққа түсу жоспарда жоқ па?

— Пластикалық отаны заманның үлкен жетістігі деп білемін. Әйел адамдар үшін әдемі болып көріну өте маңызды. Пластикалық отаның арқасында көп ханымдар өз жасынан әлдеқайда жас көрініп, кейбіреулері арманындағы сұлу бейнесіне қол жеткізіп жатыр. Мен әлі пластикалық отаның көмегіне жүгініп көрген емеспін. Егер қажеттілік туындап жатса, міндетті түрде жасатамын. Уақыт өз дегенін жасайды. Жас ұлғайған сайын терінің әжім сызықтары бәрібір бетте көрініп тұрады...

Құпия болмаса, жасыңыз нешеде? Отбасыңыз туралы айтып бересіз бе?

— 1979 жылы туылғанмын... 11 жыл бойы жолдасыммен бір шаңырақ астында тұрып жатырмыз. Бір ұлымыз бар. Қазір жолдасым — продюсерім.

Сіздің стиліңіз қандай? Сахналық киімдеріңіздің ашық болуына жол бересіз бе?

Менің негізгі стилім — өте сыпайы классика. Анам — орыс тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі. Екінші мамандығы —тігінші. Анам жастайымнан әсемдікке құмарлығымды оятуға талпынды. Көбінесе классикалық киімдерді таңдаймын. Тым сәнді, жылтырағы мол киімдерді ұната бермеймін. Алайда, бұл стиль сахна үшін тым қарапайым. Өнер адамының образдары ылғи көздің жауын алатындай сәнді, ашық түсті болуы тиіс. Ал, ашық киімдерге келетін болсам, тым ашық көйлектерден бас тартамын. Себебі, мен мұсылманмын. Кешкі сән көйлектерінің тым ашық емес, тек әйел мүсінін ерекше мәнерлі етіп көрсететінін қалаймын. Бастысы, образ бен оған енетін адамның арасында үйлесім болу керек.

Біздің қыздарға қандай кеңес берер едіңіз?

Соңғы шығарылған әйгілі топтамалардан киіну маңызды емес. Маңыздысы — киген киімнің жарасымды болуы. Мен өз мүсінімнің артықшылықтары мен кем жақтарын жақсы білемін. Соған орай, тәнімнің сұлулығын көрсетіп тұратын жарасымды киімдерді ғана таңдаймын. Сіздерге де берер кеңесім, дене бітіміңізге қонымды киімдерді таңдаңыз. Киімнің денеге жайлы әрі жарасымдылығына сенімді болсаңыз, өзіңізге деген сенімділік пайда болады. Ал қыз бала үшін сенімділік — ең басты қасиет!

Суреттер tengrinews.kz және shahzoda.ru сайттарынан алынған

20083 14
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ник Баев
Қосылған күні: 26 желтоқсан 2011, 16:21
Пікірлер
+0
26 желтоқсан 2011, 12:06

Өте сымбатты келіншек! Алматыға жиі келеді! Өз жасынан әлдеқайда жас көрінеді. Кеңесіне мен де қосыламын!

+0
27 желтоқсан 2011, 11:39

стилі, боянуы деген қыздары қызық шығар. Маған бір баласы бар екені жаңалық болды! Бұл әртісті актриса ретінде сыйлаймын!

+0
28 желтоқсан 2011, 12:27

сұлу келіншек

+0
28 желтоқсан 2011, 17:40

Менімше, Шахзода ернін үлкейткен сияқты. Мүмкін қателесетін де шығармын. Бірақ бұрыңғы суреттерімен қазіргісін салыстырса, әлдеқайда өзгергенін байқауға болады.

+0
28 желтоқсан 2011, 18:20

мүмкін! Ол хирургиялық көмекке сүйеніп барып, сұлуға айналуды қолдайтынын еш жасырмады...

+0
28 желтоқсан 2011, 23:51

Ернін ғана үлкейтпеген, көзінің жырығы да өзгерген.

+0
13 ақпан 2012, 22:36

Ботекс қо сол баяғы

+0
30 желтоқсан 2011, 02:35

11 жыл бойы турмыста екенин билмеппин.

+0
31 желтоқсан 2011, 03:43

Ұлы бірінші жұбайынан, ал Лоланың папасына тұрмысқа шыққанына 11 жыл болып үлгермеді ау шатаспасам.

+0
10 қаңтар 2012, 12:54

Shynymen de, Lolanyn papasyna shykty ma, Zi?

+0
13 ақпан 2012, 22:24

аха, бұрындары Лола жақын құрбысы еді, кейін аралары онша болмай қалды деп жазады өзбек сайттарында (менің өзбекше сайттарында тусить ететінімді білесің ғо )))

+0
14 ақпан 2012, 11:09

порно сайтта түсіпті деген сыбыстан өз елінен қуылған қыздың пікірлерін білу мұны қазақ сайттарында жариялау үлкен қателік!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

+0
28 наурыз 2013, 18:29

Жандос,білмей жатып,бірдеңе айтпа!!ол Өзбекстаннан қуылмаған,"Жарайсыңға" берген сұхбатында айтты.

+0
25 наурыз 2012, 21:48

кайдан билесиндер фотошоп дейтин кудырет та бар го казир

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...