Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Киімді дұрыс таңдай біліңіз

Киімді дұрыс таңдай біліңіз

Киімді дұрыс таңдай біліңіз

Адам көркі - шүберек. Сіздің әдемі көрінуіңіз ең алдымен киген киіміңізге байланысты.

Дегенмен, адам ең бірінші өзінің талғамына сүйенуі керек. Кейде шкафтың есігін ашып қалсаң, үстіңе ілетін бір дені дұрыс киім таппай әбігерге түсесің. Бұндай жағдай барынша жиі болады. Шалбарлар толып жатыр, ал мына жейдемен сәйкес келетін ешқайсысы жоқ!..

Сондықтан, ең алдымен жүрегіңіз қалаған стильді анықтап алыңыз! Әр түрлі жерлерге киіп баратын киімдеріңізді жұбымен алғаныңыз жөн.

Тізім жасаңыз. Алдымен өзіңіз қызығатын киімдердің тізімін жасап алыңыз, сосын өзіңізде бар киімдерді қайтадан қарап шығыңыз. Қолыңыздағы тізімге сүйене отырып, қай киімді қалдырып, қай киімді лақтырып тастау керектігін анықтаңыз. 1-2 жыл бойы киген киіміңізді ойланбастан лақтыруға болады.

Киімнің қымбатынан бұрын, өзіңізге үйлесетінін таңдаңыз.

Киімнің түсін жыл мезгіліне сәйкестендіріп алғаныңыз жөн. Басты қағидасы түстердің өзара сәйкес келуі. 

Тағы бір қатаң қағида: бір нарядта үш түстен артық түс болмағаны жөн. Ал егер киіміңіз алабажақ не әртүрлі түстен болса, онда аксессуарыңыз бір ғана түстен болсын. 

Киімді мүсініңізге сай таңдағаныңыз дұрыс. Мүсіні әдемі адамдарды көргенде, еріксіз күрсініп, "Шіркін, менің де мүсінім осындай болса ғой!.." деп армандаумен шектелеміз. Бар мәселе мүсін мінсіздігінде емес, бар мүсініңізді пайдалана алуыңызда. 

Өз мүсініңіздің кемшілігін жасырып, әдемі жерлерін тани біліңіз. Көлденең сызық адамды толық қылып, ал тіке сызық ұзартып көрсетеді. Қара түсті киім толықтықты жасырады.

Аяқ киімге көп нәрсе байланысты. Қазақта "Дос басқа, дұшпан аяққа қарайды" деген сөз бар. Аяқ киіміңіздің таза әрі сәнге сай болғанын қадағалаңыз...

Киімнің көмегімен адам өзінің көңіл-күйі мен денсаулығын бақылай алады екен. Өз-өзіңізге сенімді жүруіңіз үшін киімді дұрыс таңдай біліңіз!

сурет: stilnos.com

11886 7
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 26 наурыз 2012, 16:26
Пікірлер
+0
26 наурыз 2012, 21:41

мен үшін ең бастысы аяқ киім, не пайда дүниенің кеңдігінен аяқтағы аяқ киім тар болса егер, сондықтан аяқ киімнен ақша аямаймын да, тек қана ыңғайлысын таңдаймын, сәнділігі екінші орында))))))))))) сосын қыз бала іш киімге, боянатын бояуларына, соның ішінде әтіріне жақсы қарау керек :!:

+0
26 наурыз 2012, 22:28

Қыз баланың ең бірінші көзіне қараймын.

+0
26 наурыз 2012, 22:40

Кейбір адамдар болады ғо: "Өй, саған кім қарайды, бәрібір емес пе? Кімге көрінесің барыңды киіп..." деген сияқты ниеттерін айтып жатады бір жаққа жиналып, киетін киім таба алмай әбігерге түүсіп жүргенде. Әркім өзі үшін, өзін-өзі сыйлағандықтан да жөнді киінгісі келеді деп ойлаймын....

+0
28 наурыз 2012, 16:04

Дұрыс айтасыз. Әдемі, сәнді киінсең көңіл-күйің де көтеріңкі болатын сияқты

+0
07 сәуір 2012, 00:31

иә, ол рас

+0
11 сәуір 2012, 15:21

:D жан дүниесіне жақын киімдерді киюі керек ;)

+0
11 сәуір 2012, 15:40

Ең бастысы жарасымды болсын :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...