Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Қызыл далаптың қағидалары

Қызыл далаптың қағидалары

Қызыл далаптың қағидалары

Бұрын-соңды ерніңізді қып-қызыл далаппен бояуға батылыңыз жетпей жүрді ме? Қорқынышты әрі қойып, біздің кеңестерімізді пайдаланып, қызыл далапты өзіңіз тұрақты пайдаланатын косметикалық құралдардың арасына қосыңыз.  

Бұған дейін де қызыл далап жағудағы ережелермен сіздерді таныстырған болатынбыз. Бүгін осы тақырыпты жалғастырып, әсіресе, қызыл далапты алғаш рет жағуға ниеттенген қыздарға көмектесейік.   

Пилинг жасаңыз                         

Жарқын, қанық түстер еріндегі әр кемшілікті қатты көрсетеді. Еріндеріңіз тартымды көрінуі үшін, қызыл далап жағардың алдында ерінге жұмсақ пилинг жасап, тазартыңыз. Ол үшін кәдімгі бал мен қант қолдануға болады. Дауадан кейін ерінге қоректендіргіш бальзам жағып, оның сіңуін күтіңіз.   

Құрамына көңіл бөліңіз                  

Қызыл далап сіз үшін тым жарқын, ыңғайсыз болса, жылтыр емес, бұлыңғыр текстуралы түрін таңдағаныңыз дұрыс. Бірақ ол өзінен кейін ерініңізді құрғатпайтындығына көз жеткізіңіз. Еріннің терісі өте жұқа әрі құрғақ келеді, сондықтан далаптың бұндай әсері жақсы болмас.  

Ұзаққа сақтаңыз                       

Ортасы не шеттері кетіп қалған қызыл далаптан қорқынышты ештеңе жоқ екендігі қыздарға мәлім. Макияжыңызды ұзаққа сақтау үшін, далап жақпас бұрын, еріннің шетін қарындашпен сызып өтіңіз. Ерінді де сол қарындашпен бояп жіберіңіз. Осы негіздің арқасында далаптың түсі ұзақ сақталады.    

Жаққыш қолданыңыз              

Жаққышсыз қанық түсті далап жағу қиын болмақ. Жаққышпен далаптан бояу алып, еріннің ортасынан бастап, жеңіл қимылдармен жағыңыз. Артынан ерінді майлықпен бір сүртіп, арық жылтырынан айырыласыз. Кейін тағы бір қабат далап жағыңыз.    

Ал ең бастысы өзіңізге, өзіңіздің сұлулығыңызға сенімді болыңыз.   

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: fm234.com

822 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 30 сәуір 2013, 16:22
Пікірлер
+0
30 сәуір 2013, 17:26

далап жаға алмаймын, 5 минуттан кейін жеп қоям :roll:

+0
01 мамыр 2013, 01:10

Кызыл далап жага алмайды екем!!

+0
02 мамыр 2013, 12:23

Ұнап жүр, жағып көрем-ау

+0
03 мамыр 2013, 20:18

Менде жаға алмайтынмын, бірақ үйреніп кеттім :) Қызыл түс маған қатты ұнайдыыы) Қыздар ең бастысы қысылмаңдар, ұялмаңдар! Өздеріңді сенімді ұстаңдар ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...