Қорқыныштың құны қанша?

Қорқыныштың құны қанша?
Фото: GetBg.net

Елестетіңізші! 90 жасқа жеттіңіз. Жылы төсекте жатырсыз. Кез келген сәтте қазаның қалың көрпесін мәңгілікке жамыла салуыңыз мүмкін.

Қартайған шағында адам өмір туралы көп ойлайды, тіпті күні-түні, жатса-тұрса ойынан өткен өмірі шықпайды.

Кімді сүйгенін, кімдермен жақын қарым-қатынаста болғанын, қай жерден жақсы әсер алғанын ойлайды, кино лентасындай көз алдынан өткізіп шығады. Сол кезде, әсіресе, жіберіп алған мүмкіндіктері көбірек есіне түседі. Барлығына өз қорқынышын жеңе алмағаны тосқауыл болғанын еске алады.

Төсекте жатқан кезіңізде, уақыт машинасы келді деп елестетіңіз.

Осы машинаға отырасыз, ол сізді дәл осы жерге алып келеді. Тоқсан жаста емессіз, дәл қазір нешедесіз, сонша жастағы кезіңізге қайта алып келді.

Сол кезде жүзеге асыра алмаған істеріңізді қайта қолға алуға екінші мүмкіндік берілді.

Енді шынында да пайдалы әрі қызықты нәрсе жасап көруіңізге болады. Себебі қартайған шағыңызда торығып, бармағыңызды тістейтініңізді білесіз. Жігерсіздік алдында басыңызды төмен салбыратып кейін қайтқанша, әйтеуір бар мүмкіндікті пайдаланып қалуға ұмтылыс жасағанның өзін елжірей еске аласыз.

Бұл қарапайым математика: бұл жағдайды шартты түрде алар болсақ, бұл өмірден өткен кезде қорқыныштың құны 0-ге тең болады.

Есіңізде болсын, қорқыныш сіздің есебіңізден өмір сүреді, оның бар маңызын арттырып, бағасын көтеретін өзіңіз ғана.

Егер қолыңыздан келетін іс болса, қарап қалмаңыз.

Біреуге айта алмай жүрген сөзіңіз болса, іштен тынбаңыз, кейін бұл сәтті қайтара алмайсыз.

@. @assel_assanova