Қазақстан «Армия 2016» форумының Бас жүлдесін жеңіп алды

Қазақстан «Армия 2016» форумының Бас жүлдесін жеңіп алды
Фото: baq.kz

Қазақстан, Беларусь және Армения Қорғаныс министрлігі «Армия  2016» форумының Бас жүлдесін жеңіп алса,  «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ компаниялар тобы дипломдармен марапатталды.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Форумда жұмыс жасаған жетекші қорғаныс кәсіпорындары да РФ Қорғаныс министрлігі басшысы орынбасарының қолынан марапатқа ие болды.

Форумда Армения, Беларусь, Қазақстан, Пәкістан және Малайзия ҚӨК кәсіпорындарының ауқымды ұлттық экспозициялары көрсетілді. Одан басқа, 13 шет мемлекеттен 58 қорғаныс кәсіпорны мен холдингтер өз өнімдерін ұсынды. Өз ұлттық экспозицияларын ұсынған мемлекеттермен қатар форумға Германия, Үндістан, Израиль, Ирландия, Қытай, Таиланд, Франция, Швейцария қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары қатысты.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС, «КАЕ» ЖШС, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, «С.Киров атындағы машина құрастыру зауыты» АҚ, «405-авиажөндеу зауыты» АҚ сондай-ақ, «Zhasampaz» консорциумы форумда әскери және қос мақсатты бұйымдардың 46 табиғи үлгісі мен 13 сұлбасын ұсынды. 

Айта кетейік Қазақстан форумға алғаш рет қатысты.

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы