Ниндзялардың негізгі қарулары

Ниндзялардың негізгі қарулары
Фото: allday.com

ХV ғасырда Жапонияда жансыздар, тыңшылар жалданып, жасырынып жұмыс жасаған екен. Оларды ел тарихында ниндзялар деп атаған. Олардың өзге жауынгерлерден ерекшелігі – қорғану және күш көрсету құралдарында. Ендеше, ниндзялардың негізгі он қаруымен таныс болыздар.

1. Катана

Катана – ниндзяның басты қаруы. Катана болаттан соғылған ерекше қылыш. Оның бір ерекшелігі – ешқандай қолайсыздыққа қарамай, жауын тізе бүктіре алатын қасиеті.

2. Фукия

Фукия – ұшы уға малынған үшкір қаруды бекітетін түтікше. Ине тәрізді кішкене қаруды ішіне салып, үрлеп атады. Қарапайым фукияның ұзындығы 50 см болады. Сондықтан, жақын жерден атқан. Алайда нысанаға дәл көздеу тым қиынға соғатын болған. Жапонияда фукиямен ату садақ ату секілді спорттың бір түріне айналған.

3. Кусари-фундо

Бұл – шынжыр мен зілдей темірден құралған қару. Жауынгер катанадан айрылып қалған кезде кусари-фундомен қорғанған. Ниндзя қарсыласына шынжырды ұстап тұрып, темір бөлігін лақтырған.

4. Кусаригама

Кусаригаманың сырт пішіні шалғыға ұқсайды, шалғы мен алдыңғы айтқан кусари-фундоның қосындысы. Шайқас кезінде ниндзя кусари-фундоның көмегімен қарсыласына тойтарыс бере отырып, шалғымен қарсы шабуылдаған екен.

5. Текко-каги

Бұл қарудың атқаратын қызметі көп. Мұның көмегімен жауға қарсы күш көрсетуге және қорғануға болады. Жауынгерлер металдан жасалған тырнақтарды қолға киіп алып қарсы тұрған. Ал тәжірибелі ниндзялардың текко-кагидің көмегімен қарсыластың катанасын тартып алып, оны қарусыз қалдыра алған кездері болған екен.

6. Сюрикэн

Бұл да ниндзялардың танымал қаруы. Біз мұны көбіне фильмдерден байқап қаламыз. Бұл қару атауының өзі оның қызметін атап тұрады: «сюрикен» – «қолда жасырынған пышақ» деген мағына білдіреді.

7. Кунай

Көне заманда қарулардың ауылшаруашылық құралдары негізге алып жасалған. Сондай қарудың бір түрі – кунай. Бастапқыда қарапайым шаруалар мұны күрек ретінде пайдаланған, ал ниндзялар қабырғаларды тесу үшін қолданған. Кейін кунайды қолға тез алу үшін сабына жіп байлаған. Соның көмегімен қабырғамен өрмелеп шыққан.

8. Макибиши

Макибиши – ниндзялардың қосалқы қаруы. Бұл – ниндзялардың атты не жаяу әскерді тоқтату үшін таптырмайтын құралы. Мұны жерге лақтырғанда, макибишидің ұшы тігінен түседі екен. Макибиши қарсыластың табанына кіріп жарақаттайды.

9. Мэцубуси

Атауы таныс па? Ия, көлік атауына ұқсайды. Оның атқаратын қызметі өте қызық: кішкентай ыдысқа, мысалы, грек жаңғағының не жұмыртқа қабығының ішіне майдаланған күл, бұрыш, балшық немесе үгітілген әйнектерді салып қойған. Нағыз ниндзялар мэцубусилерді қарсыластың көзіне дәл нысаналап лақтырған екен.

10. Какутэ

Бұл сақинаны ниндзя ортаңғы саусағына киген. Кейде олар сақианның ұшын уға малып отырған екен. Какутэ ниндзяның жауға жақындап, күш көрсетуіне септігін тигізген.

Г. Берік