Әлемдегі ең мықты һәм танымал 10 қару

Әлемдегі ең мықты һәм танымал 10 қару

"Ердің бес қаруы сай болса, елдің тыныштығы" демекші, әр елдің сарбаздары өз қаруын сайлап, тыныштығын күзетеді. Әлем елдері арасында ең көп қолдану дәрежесіне жеткен, танымал һәм мықты 10 қару-жарақтың тізімін сіздерге ұсынбақпыз.

10. SMLE (Short Magazine Lee Enfield)

Британ империясының тарихындағы ең мықты мылтықтардың бірі. Ли-Энфилд жүйесіндегі .303 Mk VII SAA оғымен 7,7 мм калибрлі мылтық миллиондаған данамен әлемдік сатылымда жүр. Сонау 1902 жылы жасалған SMLE мылтығын әлемнің әр түкпірінен табуға болады. ХХ ғасырдағы екі бірдей дүниежүзілік соғыста және Корей соғысында жауынгерлердің бірегей мылтығына айналған.

9. Үш сызықты Мосин мылтығы

1891 жылы Ресейдің қорғаныс қаруының қатарына енген. Азамат, Фин және Ұлы Отан соғыстарында үміттерін ақтаған. Мылтықтың атауы орыстың үш өлшемдік ұзындығын білдіреді және қолданылатын оқ-дәрінің калибрін көрсетеді (орыстың үш өлшемді ұзындығы 7,62 мм-ге тең). Оқтың ұшу қашықтығы 2 000 метрге дейін жетеді.

8. GLOCK тапаншасы

Тапанша Гастон Глок атты құрастырушысының есіміне берілген. Австралиялық өндірістен шыққан бұл алтыатарды зерттеушілер нысанаға дәл тигізу үшін өте ыңғайлы қару деп есептейді. Бұл тапаншаның көп бөлшектері пластикадан жасалғандықтан, металл тексеру аппаратына өту кезінде кейбір құрылымдық қателіктері көрінбейді. GLOCK тапаншасы өте берік: биік жерден құлатып немесе суға түсіріп алсаңыз да, тіпті, балшыққа түсірсеңіз де, сыр бермейді.

7. Карабин К31

Бұл швейцарлық карабин - кеден генералдарының қаруға қоятын талаптарының бірі. 7,5х55 мм GP11 калибрлі К31-ге бүгінгі таңда жаяу әскер үшін өте тиімді. Швейцария Конфедерациясының әскерінің қарулар қатарына 1933 жылы бекітілген. Мергендердің базалық қаруына жатады.

6. АК47 автоматы

Кеңес үкіметінің  аңызға айналған бұл автоматы туралы көптеген дерек бар. Біреулер үшін бұл қару Кеңес одағының символы ретінде көрінсе, енді біреулеріне оқыс оқиға орнына табылатын қару, кейбіреулерге өзін-өзі қорғау құралы болып есептелетін автомат.

5. Smith & Wesson Model 29 револьвері

.44 Magnum деген атымен танымал. 1955 жылдан  бастап өзіне арналған арнайы оғымен шығарылады. 44-калибрлі револьверлердің ізбасары боп есептеледі. Бұл дегеніңіз – америкалық полицейлер мен бұрынғы атақты гангстерлер және қазіргі ковбой киноларының жұлдыздары үшін таптырмас калибр.

4. Шабуылға арналған AR15

1958 жылы АҚШ-та Пентагонның тапсырысы бойынша жасалған. Әскери мекемелер кіші калибрлі 2,7 кг-дық, 20 оқты, оқтың қашықтығы жарты километрге дейін жететін мылтықтарды қалады. 1963 жылы АҚШ-тың қорғаныс министрлігі Вьетнам соғысы үшін осы мылтықтың көп данасын сатып алған. Және осы кезден бастап М16 деген атқа ие болды.

3. Remington 870 қаруы

1950 жылы шығарылған бұл қару бүгінге дейін өз құнын жоғалтпаған. Әлемнің әскери және полиция қызметкерлері кеңінен қолданатын бұл қару аңшылар мен мергендер үшін де өте тиімді. Тіпті, осы қаруды америкалықтар өз үйлерінің қорғанысы үшін пайдаланады.

2. 1911 A1 .45 ACP үлгісіндегі Colt тапаншасы

Өздігінен қуатталатын, .45 АСР калибрлі тапаншаны 1910 жылы Джон Браунинг жасап шығарған. Екінші Дүниежүзілік соғысында, Корей соғысы кезінде және Вьетнам соғысында кеңінен қолданыс тапты. Америкалық атқыштар бұл тапаншасыз нысанаға дәл тигізуді елестете алмайды.

1.  .50 калибрлі Barrett M82 мерген мылтығы

Бұл мерген мылтығы әлемнің көптеген елінің, соның ішінде, АҚШ-тың әскери қаруы қатарына жатады. 1982 жылы Ронни Барретт есімді америкалық инженер қарапайым гаражында жасаған екен. Ол барлық қару-жарақтың қыр-сырын меңгерген, себебі, инженерлікке дейін ол полиция қызметкері болып жұмыс істеген екен. Barrett M82 – қорғаныс кезінде және брондалмаған әскери көлік ішінде, тым алыста тұрған қарсыласты жеңу үшін таптырмас қару.

Сурет: opoccuu.com, zonwar.ru, bestfon.info dogswar.ru,

 img12.nnm.me, img2.goodfon.su

Е. Жұмабайұлы