"Алғашқы көмек көрсету" қалай пайда болған?

"Алғашқы көмек көрсету" қалай пайда болған?

Алғашқы медициналық көмек көрсету «дәстүрі» көп ғасырдан өтіп, тұрмысымыздың бір бөлігіне айналды. Папирустағы суреттерге үңілсек, мысырлықтар б.з.б. 2 500 жылы жарақатты емдеу үшін пальма жапырағын пайдаланатын болған.

Әйгілі Гипократ жарақаттанғанда, адамның сүйегі шыққанда алғашқы көмек көрсету туралы көптеген трактат жазған болатын. Алғашқы көмек туралы жазбалар бұдан өзге грек өлеңдерінде, ежелгі римдік ақын-жазушылардың туындыларында көрініс тауып отырған. Жарақаттанған дұшпанының өмірін құтқарып қалған батыр туралы аңыз-әңгімелер де бар. Орта ғасырлық армияларда саморитяндық деп аталатын арнайы санитарлық көмек көрсету орталықтары да жұмыс істеген.

Майданда шайқасып жүрген батырларға көмек көрсететін орталықтар орта ғасырлардан бастап жұмыс істей бастаған. 1417 жылы Голландияда мемлекет ішінде каналдарға батқан адамдарды құтқаруға арналған қызмет ұйымдастырылады. Мұнымен қатар, 1853 жылы Қырым соғысында жарақаттанғандарға арналған орталықты құрған Николай Пераговты да айта кетуіміз керек.

1863 жылы швейцарлық Жана Анри Дюнанның бастамасымен Халықаралық Қызыл Крест ұйымы құрылады. Аталған ұйым соғыс кезінде жарақат алған жауынгерлерге көмек көрсететін болған. Эмблема ретінде швейцарияның туы таңдалған болатын. Тек оның жасыл, ақ түстері, қызыл, ақ болып өзгертіледі. Ал алғашқы көмек көрсету станциясын 1881 жылы профессор Яромир Мунди салдырады. Станцияның салынуына театрдағы өрт себепші болады. Осыдан кейін прфессор Яромир Мунди өз еркімен көмек көрсету ұйымын құрады. Осы ұйымның арқасында өрт сөндіру командалары жасақталады. Веналық станция алғашында 2067 адамға көмек көрсетеді. Өзінің қызметкерлері болмағандықтан, медицина университеті студенттерінің көмегіне жүгінеді.   

Сурет: almaty.tv

Қ. Бүйенбай