Тор жейденің тарихы

Тор жейденің тарихы
Фото: araparigadovestidoamarelo.blogspot.com

Тор жейделер ең алғаш рет мадрас деп аталатын матаның жұқа түрінен тігіледі. Бұл матадан тек жейде емес, шалбар да, шолақ шалбар да тігіледі. 

Матаның атауы Үндістанның оңтүстігіндегі Мадрас аталатын қала құрметіне берілген. ХІХ ғасырда Мадрас қаласы британ әскерінің қарауында болған екен. Сол кездерде жергілікті тігіншілер британ әскерлерінің киімдерінен шотландтық тор көздерді көріп, өз киімдеріне де дәл сондай өрнектер тіккен.

Мадрастық тігіншілердің тіккен тор көзді киімдері британдықтарға қарағанда әлдеқайда жеңіл әрі жұқа болған екен. Бұл сән үлгісін британдықтар Англияға "апарса" керек. Содан бері жұқа, ыстыққа төзімді жейделер сәнге айнала бастаған. Соның ішінде, преппи стилінің негізіне айналған. Уақыт өте келе бұл тор көздер қалың жейделерде де бейнелене бастаған. 

Г. Берік