Ерлер гардеробы: туфли таңдау

Ерлер гардеробы: туфли таңдау
Фото: blogspot.com

Ер адамдарға іскерлік стиль жарасады. Алайда көп жігіт «костюм мен шалбарды» іскерлік стиль деп ойлайды. Негізінде, сәнді стиль қалыптастыру үшін тек киімді емес, туфлиді де дұрыс таңдай білу керек.

1. Туфли шалбарыңызбен түстес не қаралау болуы керек. Шалбардың түсінен ашығырақ болмауы керек екенін ұмытпаңыз.

2. Белдік туфлиге сәйкес келуі керек. Аяқ киіміңізді алған дүкеннен белдік тауып алсаңыз, нұр үстіне нұр болар еді. Егер қоңыр белдік тақсаңыз, дәл сол түстегі туфли кию керек екенін ұмытпағайсыз.

3. Джинс шалбарына кез келген аяқ киім үйлеседі: туфли, бәтеңке, етік, мокасин, кроссовка не кеда. Тек лакталған аяқ киім джинс шалбарынан гөрі классикалық шалбарға жарасымды. Аяқ киімнің түсі сырт киіммен үйлесуі керек.

4. Қара көк шалбармен қоңыр, қара не басқа да қаралау реңкті туфли киюге болады. Ең бастысы ақшыл түсте болмауы керек.

5. Ер адамның гардеробында қара түсті туфли болуы міндетті. Классикалық қара түсті туфли кез келген шараға бару үшін қажет болады.

6. Қымбат қоңыр туфли – табысты ерлерге лайық аяқ киім.

7. Қоңыр туфли қара реңкті түстермен жақсы үйлеседі. Қанық қара көк, бордо, баялды түсімен жарасымды.

8. Туфли алатын кезде қара не қоңыр түсінің қайсысын таңдаймын деген сұрақ туындаса, гардеробыңыздағы киімдерді қараңыз. Қара киімдеріңіз көп пе? Қоңыр ма?

9. Сары, сарғыш, зәйтүн, коралл, жасыл, ақшыл сияқты түстерге қоңыр туфли жарасады. Көк, күлгін, қызыл, алқызыл, қанық жасыл түсті жейделер қара түсті туфлимен үйлеседі.

Ф. Абилова