Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бозбала / Стиль / Ерлер жазда киімді қалай кимеу керек?

Ерлер жазда киімді қалай кимеу керек?

Ерлер жазда киімді қалай  кимеу керек?

Заманауи жігіттердің көбі сандалды шұлықпен немесе метрода күннен қорғайтын көзілдірік кимеуді біледі. Бірақ жігіттер біле бермейтін, оны өздері сән деп ойлап келген қателерді тізіп шығу үшін бізге көмекке ерлерге арналған FURFUR журналы келеді.  

Қысқа жеңді жейдені галстукпен кию

Жейдені галстукпен, пиджаксыз киюдің өзі қауіпті жолға түсу дегенді білдіреді. Ал шолақ жеңді жейдемен галстук тағу ең қиыны. Көбіне мұндай киімді банк кеңесшісі немесе KFC менеджері кисе жарасады. Егер мұндай қызметтегі адам болмасаңыз, аталған киімдерді қосудың дым қажеті жоқ.

Бірнеше ақ түсті киімнің қосындысы

Жаз мезгілінде ақ киім ерекше көп киіледі. Бірақ мұнда да аса сақтық көрсету керек. Ақ жейде, ақ сым және ақ футболка – бұл жақсы. Бірақ бұларды қосып кимеу керек. Ақ киімердің әрқандай түсті реңі болады да, үйлесім таппайтын киімдер сәніңізді кетіруі мүмкін. Мұндай киімді Рим Папасы мен Пи Дидди ғана кие берсін. Ал кәдуілгі қарапайым жігіттер ақ түсті киімдерге абай болса екен.

Пиджак, жазуы немесе суреті бар футболка

Пиджак киер болсаңыз оны бір түсті футболкамен үйлестіргеніңіз дұрыс. Әйтпесе суреті ірілеу, түрлі-түсті бояуы бар футболка пиджакпен бірге визуалды түрде шым-шытырық ойға жетелейді. Ал кейде тіпті пиджакты түймелеп алатындар болады. Бұлай киінуге кеңес бермейміз!

Майкалар

Майкалар үйге немесе дене жаттығу кезінде, дене сымбатыңызды көрсетер байқауларда киіледі. Ал басқа жағдайда майка іш киімдер қатарына жатады. Жейде ішіне кию ең дұрысы. Бірақ суреттегідей кию қыздардың сізге деген іштей жеккөрушілігін тудырмақ. Ал оны бұлай киюге тіпті болмайды.

Сүйретпе, сланцы, флип-флоп, вьетнамка

Рәзеңкеден жасалған сүйретпелерді тек жағалауда немесе үйде кию керек. Ол болмаса слипон мен эспадриль кисеңіз жөн-ақ. Ал қалада сүйретпе киіп жүру мәдениетсіздік десек те болар.

Шолақ шалбар дейміз бе, әлде «шорты»?

Шолақ шалбарды ешқашан, ешқашан, ешқашан шұлықпен кимей керек. Тізеден жоғары шорты киген соң ұзын шұлық киюді кім, қалай, қашан шығарып жүргенін әлемдік сәнқойлар білмей дал. Сондықтан мұндай «батыл қадамға» бармау керек.

Топ-сайдермен, эспадрильмен, слипондармен шұлық кию

Қандай да бір жазғы аяқ киім оны жалаңаяқ киюге мүмкіндік береді. Бірақ шұлықпен киюге болмайтын аяқ киімдер болады. Мәселен, топ-сайдерді шұлықпен сүйемелдеуге рұқсат жоқ! Себебі олар шұлық киюге еш себебі жоқ яхтсмендерге (теңіз спортымен айналысатын адамдар) арналған, слипон эстетикалық ойдан туса, эспадрильге шұлықтың дым да қажеті жоқ.

Бриджи мен қайырылған балақтар

Негізінде бриджи өмірде жоқ киім. Мұндай киімді ешқашан, еш жерде, еш жағдайда кимегеніңіз дұрыс. Бриджи дегеніміз балақты тым қысқартқан шалбар немесе өте ұзын я көлемі үлкен шолақ шалбар. Балақты қысқарту әдемі де шығар, бірақ шамадан асырып жібермеу керек. Көп болса 3-4 сантиметрге ұзартсаңыз шегі. Ал одан асып кетсе жағдай қиын.

Қысқа шортылар

Қалтасы ішінен шығып, санынан жалбырап тұратыны әдемі шығар, бірақ ол әдемі қыздарға жарасады. Жігіттерге мұндай киім үлгісін киюге ешкім де рұқсат бермеген. Енді қоғамдағы жағдайға қарсы шығып, өз ойыңызды білдіргіңіз келсе ғана осындай киім өз мәнін ақтап алмақ.

Тұрғызылған жаға

Бұған дейін жағаны тұрғызып қоюдың екі бірдей сылтауы болатын: біріншісі – теннис ойнау кезінде доптың мойынға тиіп кетпеу үшін, ал екіншісі – күнге мойынды күйдірмеу үшін. Егер қолыңызда теннис ракеткасы болмаса жағаңызды тез арада түзеп қойыңыз! Мұндай сәнді футбол әлемінде тек Эрик Кантона қолдаған болатын. Оның өзі қазірде зейнетте...

Футболкадағы V-түрлі кесінді

Мұндай кесінді тек қыздың киім шкафында табылуы тиіс. Дене сымбатыңызды осындай кесін арқылы көрсету – киім кию стиліңіздің ең нашар әдісі екенін айтып, ренжіткіміз келіп отыр. Бұлай киінбеңіз.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: FURFUR, Санан Алиев, 1news.az

4623 6
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 27 маусым 2013, 15:45
Пікірлер
+0
27 маусым 2013, 22:29

ақ сым деген не

+0
27 маусым 2013, 22:55

шымкентте тұратын адамдардын сөзі болу керек шыныменде ол не ақ сым?

+0
28 маусым 2013, 01:55

сым деген шалбар

+0
28 маусым 2013, 11:26

Далбыынов, оңтүстік өңір солай айтады ғой деймін.

+0
02 шілде 2013, 14:56

Оңтүстікте сым емес шалбар дейди калхоз Далбыынов

+0
17 наурыз, 16:34

Сым деп кызылорда жакта айтады

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...