Күніміз қалай өтсе, бүкіл өміріміз де сондай болады

Күніміз қалай өтсе, бүкіл өміріміз де сондай болады
Фото: instagram.com

Адамдар болашақтан әлдебір сәуле күтіп өмір сүреді. Ертең бір таңғажайып болатындай, өмірі өзгеретіндей сезімде болады. Қиял қуып жүргенде өмір өте шығады. Ал өмір қалай өтіп кетті? Таңғажайып ше? Сұрықсыз күндер мен бірқалыпты тіршілік... Өмір деген осы ма? 

Британия философы Алан Уотс "біз болашақтан үміт күтіп өмір сүреміз, біз бүгінді емес, ертеңгі күнді көбірек ойлаймыз" дейді. 

"Өмірде өлім, ауру, қорқыныш пен аштықтың бар екені рас, бірақ бұлар өмірдің ажарын бұзбайды. Осы айтқандардың біреуі басымызға түскенде, біз мазасызданып, жылаймыз, осы тәжірибеден өзіндік "менімізді" алып, сытылып шығуға тырысамыз. Амеба бейнесіне еніп, өмірден қорғанамыз, ішімізден екіге бөлінеміз. Бірақ адам мен оның қазіргі өмірі біртұтас болғандықтан, оны екіге бөлу мүмкін емес. Музыканы түсіну үшін оны тыңдау керек. "Мен музыка тыңдап отырмын" деп ойлаған кезде сіз музыканы шын мәнінде естімейсіз", – деп жазады ол.

М. Оңғарова