Стив Джобстың айтқандары

Стив Джобстың айтқандары
Фото: vfpress.vn

Жаңалық жасайтын, әлемге өзгеріс әкелетін кімдер десеңіз, олар – ақылды адамдар. Сондай әйгілі тұлғалардың бірі Стив Джобс. Әйгілі Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Джобстың есімі жарты әлемге таныс. Бүгінде ол ойлап тапқан Iphone, Ipad секілді гаджеттерді бүкіл әлем жұртшылығы пайдаланады десек қателеспейміз. Ақылды адамдар өте терең ойлайды. Джобс жалпы жұртқа, келешек өскелең ұрпаққа қарата айтқан қанатты сөздерін оқырмандар назарына ұсынамыз.

***

Қате жібермегенің, өмірді толыққанды түсінбегенің. 

***

Біз мақтаншақ жастардың арқасында ақша тауып отырмыз. 

***

Сабақты жақсы оқу мен ақылды болу екі бөлек нәрсе. 

***

Жай ғана алға қадам бас, жолдар өздері-ақ ашылып шыға келеді. 

***

Шағыннан баста, бірақ үлкенді арманда. Бір мезетте көп нәрсемен айналыспа. Біріншіден көп емес жай істерден баста, және бара-бара күрделірек іске көш. Әрқашан болашақты ойла. 

***

Саған – «қолыңнан келмейді», деп айтқандардың ешқайсысын тыңдама. 

***

Он екі сағат емес, баспен жұмыс істеу керек. 

***

Біз өзгелер өсірген жемісті жейміз. Біз өзгелер шығарған киімді киеміз. Біз өзгелер туғызған тілде сөйлейміз. Біздің де тарихты қалайтын уақыт келді.  

Ж. Жұмағұлов