Адамдарды басқарудың 10 түрлі әдісі #2

Адамдарды басқарудың 10 түрлі әдісі #2
Фото: www.youtube.com

Адамды басқару әрине оңай дүние емес. Дегенмен ақыл мен қулықты пайдаланып оған әсер ету арқылы дегеніңізді жасай аласыз. Алдыңғы әдістерді жіті бақылаған болсаңыз қалған әдістерге де мән беріңіз. 

Басы

1. Шаршап тұрғанда пайдаланыңыз 

Адам шаршап тұрған кезде кез келген ақпаратты сұрап алыңыз. Тіпті нақты жауаптан қашқан күннің өзінде әлі кетіп тұрған адам сізге сөз ішінде шындығын да айтып қояды. Шаршаңқы адам тек физикалық жақтан емес, сана тұрғысынан да өзін меңгере алмай қалады. Бұл сіздің оның бойына еніп кетуіңізге мүмкіндік. Бұл әдісті де пайдалану арқылы сіз қарсы бағыттағы адамды басқара аласыз. Өйткені ол жайында көп ақпарат білесіз. 

2. Бас тарта алмайтын ұсыныс айтыңыз 
Сізбен сөйлесіп тұрған адам бас тарта алмайтындай бұйымтай сұраңыз. Ең соңында өзіңіз қалаған дүниеге қол жеткізесіз. Алдымен қарсы бағыттағы досыңыздан оның қолынан келетін ұсынысты сұрап алыңыз да арағы екі-үш күні салып одан да артықтау ұсыныс жасаңыз. Сіздің оған алғашқы әсер етуіңіз арқылы сіз оны басқарып қана қоймай талап ете алған әрбір қажеттілігіңізді ала аласыз. 

3. Сабыр сақтай біліңіз 
Айтушының қателігін көріп тұрсаңыз да оған қателісіп тұрғанын айтпаңыз. Бұл әдісті сабырлық сақтай отырып, сіз оның сеніміне кіре аласыз. Сеніміне енген соң барып оңашада оған қателескенін басқа қырынан жеткізіп көріңіз.  

4. Әріптесіңіздің айтқанын қайталап сөйлеңіз 
Жаныңызда тұрған адамның әрбір айтқан сөзін қайталап сөйлеңіз. Бұл әдіс арқылы сіз әріптесіңіздің ойын түсініп, онымен бір кемеде келе жатқан адамдай сыңай таныта аласыз. Бұл әрине әдіс болғаннан кейін қулықтың болуы шартты түрде дұрыс. Өзіңізге сендіру арқылы біреуді басқара аласыз. 

5. Бас изеу 
Әріптесіңізбен сөйлесіп тұрған сәтте басыңызды изеңіз. Әрі жиі қайталап тұрыңыз. Бұл сіздің одан төмендеп тұрған секілді көрініс жасауы мүмкін. Ал қарсы беттегі әріптесіңіз сіз басыңызды иген сайын төмендеп сөлеуге әрі сіздің барлық талаптарыңызға көнуге мәжбүр болады. 

Әрбір әдісті жасау кезінде дайын болыңыз. Қателік жасап бәрінен құр қалуыңыз да әбден мүмкін.

М. Ақан