Жігіттер қыздармен қанша уақыт сөйлесе алады?

Жігіттер қыздармен қанша уақыт сөйлесе алады?

Англиядағы белгілі бір зерттеу нәтижесінде жігіттердің қыздармен пікірлесу уақыты өз достарымен пікірлесу уақытына қарағанда аз болады екен. Жігіттер жаңа танысқан немесе бұрыннан таныс қыз досымен тек алты минутқа дейін ден қойып сөйлесіп, пікірлесе алатын көрінеді. Ал, алты минут өткен соң жігіттердің назары бөлініп, басқа жаққа қарай бастайды екен. Жігіттер өзінің жора-жолдас, достарымен күні бойы сөйлессе де олардың әңгімелері таусылмайтыны да осы зерттеу нәтижесінде айтылыпты.

Мұнан басқа, жігіттер қыздармен әңгімелескенде олардың өз таныс-білістерін мақтауын немесе әріптестері жайлы, өнер жұлдыздары жайлы өсек айтуын жақтыра бермейді екен.

Сурет: zhasorken.kz

M. Auelkhan