Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бозбала / Психология / Нағыз жігіттің 20 қасиеті

Нағыз жігіттің 20 қасиеті

Нағыз жігіттің 20 қасиеті

Жігіттік шаққа ену үшін біз, ер азаматтар бойымыздағы ер кісіге тән қасиеттерді сараптап, әлсіздігімізді мойындап, оларды кейін түзеуге бет алуымыз шарт. "Мен мінсіз емеспін". "Менің мінім көп, өзіме осы жәйтті қайта-қайта айтамын!" Дәл осы қасиеттер көбімізде жетіспейді...

Сонымен, нағыз ер жігіттің 20 қасиеті мыналар болуы керек:

1. Нағыз жігіт әрқашан қыз баланы сыйлап, құрметтеуі тиіс. Егер олай болмаса, сіз жігіт емессіз.

2. Нағыз жігіт өзінен гөрі, өзгеге көмектесуді бірінші орынға қоя алуы міндетті.  

3. Нағыз ер жігіт "Бөрі азығы – жолда" деген ұстаныммен өмір сүреді. Әрқашан іс-әрекет барысында болады.

4. Нағыз ер жігіт отбасында я жұмысында басты адам бола білуі керек. Бірақ "екінші адам" бола алу қасиеті де бойынан шықпауы тиіс. Әйтпесе, көшбасшылардың әлемінде ешкім де оларды тыңдамайтын болады.

5. Жігітке тәуелді болуыңыз мүмкін, ал балаға тәуелді болу қате.

6. "Сіз ер адамға қандай болуы керектігін үйрете алмайсыз, тек оған өзін өзі табуға жәрдемдесе аласыз" дейді Галилео Галилей. Ер адам әрқашан да менмен, әрқашан да қателіксіз жүрмейді. Ол өзгермейді, оның орнына дами түседі деп түсіну қажет. Қыздар, сіздерге айтарымыз, ер адам мүсін емес, өз қалауларыңызды көруге асықпаңыз, орнына оның кім бола алатынын қарайлаңыздар.

7. Ер адам өзін және жақын адамдарын қауіпсіздікте ұстау үшін күші мығым адам болуы міндетті емес. Күшті болса, тіптен жақсы. Ал негізінде ер адам қорғауға емес, бақытты қылуға бағыт алуы тиіс.

8. Ер адам өзі үшін өмір сүрмейді. Оның өмір сүруі өзіне қызмет етуден де жоғары. Қыз баладан ер адамның рөлі басым екендігі де сондықтан.

9. "Дүниедегі ең үлкен жетістіктерін шаршаған, тозған, бірақ жұмысын төзімділікпен атқарған еркектер жасаған". Егер ер адам қиын жағдайдан шаршап, мысы басылып, төзімі түгесілсе, ол қайтып келу үшін кетеді.  

10. "Егер ер адам өзге біреуге сұқ саусағын қаратса, қалған төрт саусақтың өзіне қарап тұрғанын байқасын" дейді Луи Низер. Адам қателікпен өмір сүреді. Бірақ оны ұмытпауы тиіс.

11. Нағыз жігіт өз-өзіне күле алады.

12. Нағыз жігіт өз өміріне мақтанады: өзінің кім екеніне, не істеп жүргеніне ұялмайды.

13. "Жас жігіттер адал болуға тырысады, бірақ бола алмайды; кәрілер адал болғысы келмейді, бірақ ол мүмкін емес" Оскар Уайльд. 

14. "Сау әйел өзін емдегісі келетін еркектің жанында қалай бақытты болмақ?" Оскар Уайльд. Егер ер адам бір адамға назар салып, мән бере қарайтын болса ол тек сол адамды ғана көреді.

15. Ер адамда да қорқыныш бар, бірақ қорқыныш ер адамды басқара алмайды.

16. Ер адам әрқашан да қателігін сабақ деп түсінеді.

17. Ер адам қаншалықты қиын әрі қызықсыз іс болса да, оны жасай алады. Тек сол іс қажетті болса болғаны.

18. Ер адам ұлылықты бағалайды. Бұл "гладиатордың қасиеті" деп те аталады.

19. Ер адам жарысқа түскен кезде ғана жақсара түседі.

20. "Қалағанына жетем деген еркек ең бірінші өзін-өзі бағалауы тиіс" Йохан Вольфганг.

Сурет: vk.com

44549 14
Рейтинг: +6

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 26 сәуір 2013, 18:57
Пікірлер
+0
26 сәуір 2013, 17:08

Үздіктерін сызып алдым! :)

+0
26 сәуір 2013, 17:10

Ер адам әрқашан да қателігін сабақ деп түсінеді. :!:

+0
26 сәуір 2013, 18:18

:)

+0
26 сәуір 2013, 23:18

"Сіз ер адамға қандай болуы керектігін үйрете алмайсыз, тек оған өзін өзі табуға жәрдемдесе аласыз" :!:

+0
26 сәуір 2013, 23:46

Негізі, орысша айтқанда "весь такой правильный" жігіт болсаң да қауіпті. Өйткені құдайға да жақсылар керек деген екен!)) Ал жалпы, кез келген еркектің миссиясы өзінің артынан жақсы ұрпақ, ізбасар қалдыру, сондықтан әйелдер "ер бала керек" дейтін ерлерді түсінулері қажет.)) Жігіт үшін ең бастысы ер-азаматтық мінезді сақтап қалу, сосын көп сөйлей бермеу!

+0
27 сәуір 2013, 13:36

Қызық ойлар екен

+0
27 сәуір 2013, 21:25

кім жазған, өзің осындаймысың :o

+0
27 сәуір 2013, 23:53

Barcelona FC, әрине, мінсіз адам болмайды. Мен де мұндай емеспін. Бірақ жақсы болуға ұмтылу, сол жайлы айтып, насихаттау саналы адамның ісі деп ойлаймын.

+0
27 сәуір 2013, 23:25

ер адамдар мықтығой

+0
29 сәуір 2013, 10:07

ер адамдар әлемдегі техниканы алға сүйреуші ғалымдар, осы қасиеттер бойында болмасада әлемге пайдасын тигізіп жатырғандар көп, мінсізбін деп ойлаған еркектер ақымақ, Білген сайын білмейтінімді мойындаймын деп кеткен ұлы Аристотель

+0
01 мамыр 2013, 15:13

Ер азамат қорғаушы, қамтамасыз етуші, табыскер болуы тиіс!

+0
01 мамыр 2013, 16:08

Ия әр азамат от басын асыраушы болу керек, бірақ қазіргі қу түлкі заманда еңбек етіп жүрген ер азаматтардың жалақысын алпауыт фирманың егелері жеп отыр, айлық жарытып бермейді , құрылысқа пайдаланып болмашы қате тауып қуып жібереді айлығын бермес үшін, тахі болып от басын асыраса Гай күн көрсетпейді, әр штрафтың ең төмені 8500теңге басталады ал ресейде 2500теңгеден басталады, штраф төлеп жүрген прокурор, милиция, финпол, акиматтағы шенеуніктер, кнб , қалталы байлардың төлеп жүргенін көрмейсің, тек тахі болып жүрген қарапайым халық төлейді, жол ережесін бұзбау үшін жол жақсы болу керек, жақсы болмадыма штрафтың 8500ден басталуы әділдік емес, сосын вахтада жұмыс жасаймын дейді көп жігіттер , 15 күн от басынан жырақта жүріп қыста суыққа тоңып жазда аптап ыстықта далада жүреді, жалақысы 35-50мың теңге, осы азаматтарға табыс таппадың деп өкпелей аламызба, істе деген жұмысын істеп жатыр бірақ беретін жалақысы ештеңеге жетпейді . кез келген дені сау ер азамат табыс таба алады , егер жұмыс беруші байлардың пейілі түзу болса

+1
02 мамыр 2013, 04:21

Өте дұрыс!

+0
03 мамыр 2013, 11:03

Жасасын қазағымның жігіттері!!! Бар болыңдаршы!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жасанды тіс-имплантат
Жасанды тіс-имплантат

Оқып,көңіліңізбен бөлісе отырыңыз!

Тыйым салынған махаббат
Тыйым салынған махаббат

Кино-сериалдағы махаббат өмірде бар ма екен деген сұраққа жауап

Бақытты едім...
Бақытты едім...

Бұл жазып отырғаным дұрыс па, бұрыс па білмеймін...

Автор: Misha Serikov
МЕН КӨЗБІН
МЕН КӨЗБІН

Жансыз көзге жан бітірдім


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...