Әлемдегі ең үлкен аққала

Әлемдегі ең үлкен аққала

Балалық шағымыздың ең негізгі белгілерінің бірі  аққала. Тіпті, кейбір халықтар мүсін жасалатын қарды – аспаннан келген сый деп, аққалаларды «періштелерге» балайды екен. Ал, АҚШ азаматтары болса, тәтті қиялымыздың кейіпкеріне айналған аққаладан әлемдік рекорд жасаған екен.

2008 жылы ақпан айында АҚШ-тың Бетель қаласының тұрғындары аталған аққаланы екі апта бойы жасапты. Ол үшін 6 мың тонна қар кеткен. Оның бойы – 37 метр. Есімі – «Olimpia Snow Woman». Әлемдегі ең биік аққаланың ерні түрлі-түсті көлік дөңгелегінен, қолы 9 метрлік канадалық шыршадан, кірпіктері 16 шаңғыдан жасалған. Ал, бөкебайы 40 метр болса, мойнындағы алқасын жасауға 23 кг слюда (минералды тұз) қажет болған. Бас киімін арнайы қызыл түспен бояған екен. Өңірдің мектеп оқушылары алып қар адамының әшекейін жасауға қуана көмектесіпті.

Тек 1999 жылы осы рекорд иелері 35 метрлік аққала жасаған болатын. Бұл аққаланың есімі – Ангус. Сол кездегі штат губернаторы Ангус Кинг есіміне берілген екен. Сөйтіп, бұл рекордты жаңартты. Ал бұл аққала штат сенаторы Олимпия Сноуи есімін иемденген. Әлемдегі ең үлкен аққала тек маусым айының ортасында еріпті.

Байқағандарыңыздай, әлемдік рекорд 2008 жылы жасалған. Одан бері алты рет жаңа жылды қарсы алдық. Алдағы жаңа жылды жаңа рекордпен қарсы алуға қалай қарайсыздар?

Сурет: deswal.ru, doodoo.ru, nydailynews.com

Е. Жұмабайұлы