Инчхон-2014. Ольга Рыпакова – Азия чемпионы!

Инчхон-2014. Ольга Рыпакова – Азия чемпионы!

2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында чемпион атанған Ольга Рыпакова Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарында алтыннан алқа тақты. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жоспарлап барған 20 алтын межесін ертерек бағындыруға септігін тигізді.

Ольга Рыпакова үздік нәтижесінде 14 метр 32 сантиметр қашықтыққа қарғыды. Оның бұл көрсеткішін қарсыластары бағындыра алмады. Күміс өзбекстандық Александр Котляроваға бұйырса, қоланы тағы бір отандасымыз Ирина Эктова еншіледі. Оның көрсеткіші 13 метр 71 сантиметрді құрады.

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі. Олар Өзбекстан мен Оңтүстік спортшыларын алға оздырып алды.

Баскетболшы жігіттеріміз жартылай финалда Иран құрамасына есе жіберіп алды. Енді, 3 қазан күні Жапониямен қола жүлдеге таласатын болады.

Естеріңізге сала кетсек, 2010 жылы Гуанчжоуда өткен Азия ойындарында жерлестеріміз 18 алтын 23 күміс 38 қола жүлдеге ие болып, жалпы командалық есепте 5-орыннан көрінген болатын. Қазіргі таңда отандастарымыздың еншісінде 20 алтын 17 күміс 29 қола бар. Жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеміз.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:sports.kz

Ө. Сансызбай