- Негізгі бет
- Инчхон 2014
- Инчхон-2014. Бес күнде...
Инчхон-2014. Бес күнде алты алтын алдық
Инчхонда өтіп жатқан ХVІІ Азия ойындарының бесінші күнінде қазақстандық спортшылар алтын санын алтыға жеткізді.
Академиялық ескек есуден сынға түскен қазақстандық спортшылар үш медальға ие болса, күміс жүлдені у-шу-сеньдадан сынға түскен Ришат Ливеншо салды.
Су добынан Қазақстанның әйелдер құрамасы жартылай финалда Қытай қыздарынан ұтылып, қола жүлені қанағат тұтты.
Бұл күні 100 метрге брасс әдісімен жүзуден қазақстандық Дмитри Баландин Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол бұдан бұрын 200 метрге жүзуде де алтын алған еді. Жерлесіміз Азия рекордын жаңартты.
Сондай-ақ, жүзуден қазақстандық спортшы Екатерина Руденко Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды.
Бұл күнгі алтыншы алтынды теннисші жігіттеріміз сыйлады. Теннистен ерлер арасындағы командалық сында қазақстандықтар финалда Қытай құрамасын жеңді.
Айта кетейік, Азия чемпионы атанған спортшы 10 мың доллар көлемінде сыйақы алса, екінші орын алған спортшыға 5 мың доллар беріледі. Ал, үшінші орынға ие болған спортшылар тиісінше 3 мың АҚШ долларына қол жеткізеді. Сондай-ақ олардың жеке бапкерлеріне берілетін мемлекеттік сыйақы мөлшері: І орын – 5 мың доллар; ІІ орын – 3 мың доллар; ІІІ орын – 2 мың долларын құрайды. Бұл тек мемлекеттік сыйақы. Бұған қоса конфедерацияның, әр федерацияның, аймақ басшыларының да өз алдарына бөлек сыйақы беретіндіктерін ескерте кетеміз.
Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 6 алтын, 7 күміс, 13 қола жүлде бар. Жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: Vesti.kz
Н. Айдархан