- Негізгі бет
- Инчхон 2014
- Инчхон-2014. Қазақстан қоржынына...
Инчхон-2014. Қазақстан қоржынына қола түсті
Оңтүстік Кореяда басталған ХVІІ Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті. Синхронды жүзуден апалы-сіңілі Александра мен Екатерина Немичтер қола жүлдеге қол жеткізді.
Техникалық жаттығудан кейін жерлестеріміз үшінші орында тұрған болатын. Еркін жаттығуда да өз нәтижелерін сақтап, 167,7639 ұпаймен қоланы қанағат тұтты. Ал бұл сында қытайлық Хуан Сючень мен Сунь Вэньянь жұбы жеңімпаз атанды. Күміс жапон синхроншы арулары Юкико Инуи мен Рисако Мицуи еншісінде кетті.
Айта кетейік, Азия чемпионы атанған спортшы 10 мың доллар көлемінде сыйақы алса, екінші орын алған спортшыға 5 мың доллар беріледі. Ал, үшінші орынға ие болған спортшылар тиісінше 3 мың АҚШ долларына қол жеткізеді. Сондай-ақ олардың жеке бапкерлеріне берілетін мемлекеттік сыйақы мөлшері: І орын – 5 мың доллар; ІІ орын – 3 мың доллар; ІІІ орын – 2 мың долларын құрайды. Бұл тек мемлекеттік сыйақы екендігін айтып өтті. Бұған қоса конфедерацияның, әр федерацияның, аймақ басшыларының да өз алдарына бөлек сыйақы беретіндіктерін ескерте кетеміз.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: alaman.kz
О. Сансызбай