Инчхон-2014. Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының Азия ойындарындағы кестесі

Инчхон-2014. Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының Азия ойындарындағы кестесі

Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының Азия ойындарындағы кестесі белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының ресми сайты хабарлады. 

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін XVII Жазғы Азия ойындарына 10 боксшымыз қатысады. Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов боксшыларымызға Азия ойындарында алты жүлдемен және жалпыкомандалық есепте бірінші орынмен келу міндеттелігенін мәлімдеді. Бұл бәсекеде байрақ ұстау бақытына ие болған Әділбек Ниязымбетов пен Азиаданың екінші алтынына ұмтылатын Данияр Елеусіновке ерекше сенім артылып отыр.

Осыдан төрт жыл бұрын Гуанджоуда Серік Сәпиев пен Данияр Елеусінов алтын алса, Біржан Жақыпов пен Иван Дычко күміспен күптелген еді.

Азия ойындарында сынға түсетін бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы:

49 келі. Біржан Жақыпов – Азия ойындарының күміс жүлдегері (2010)

52 келі. Ілияс Сүлейменов

56 келі. Қайрат Ерәлиев

60 келі. Берік Әбдірахманов

64 келі. Айдар Әмірзақов

69 келі. Данияр Елеусінов – Азия ойындарының жеңімпазы (2010)

75 келі. Жәнібек Әлімханұлы

81 келі. Әділбек Ниязымбетов

91 кг. Антон Пинчук

+ 91 кг. Иван Дычко - Азия ойындарының күміс жүлдегері (2010)

Жарыс кестесі:

24 қыркүйек. 56 келі, 69 келі, 91 келі, 60 келі

25 қыркүйек. 52 келі, 75 келі, 49 келі, 64 келі

26 қыркүйек. 56 келі, 81 келі, 60 келі, + 91 келі

27 қыркүйек. 52 келі, 69 келі

28 қыркүйек. 49 келі, 64 келі

29 қыркүйек. 60 келі, 75 келі, 52 келі, 69 келі, 81 келі

30 қыркүйек. 56 келі, + 91 келі, 49 келі, 64 келі, 75 келі, 91 келі

2 қазан. Жартылай финал

3 қазан. Финал

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін XVII Жазғы Азия ойындары бүгін өз жалауын көтередіЖалпы біздің елден Азия ойындарына спорттың 39 түрінен (барлығы 50 спорт түрі) 420 спортшы қатысады. Ашылу салтанатын «KAZsport» телеарнасы Астана уақытымен сағат 16:00-де тікелей эфирде көрсетеді.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: confederation.kz

Н. Айдархан