Массагет ұжымы "Жұлдыз FM" радиосын құттықтайды

Бүгін, 20 қараша күні "Жұлдыз FM" радиосы эфирге шыққанына 1 жыл толды. Санаулы уақыт ішінде еткен еңбек, төккен тер бекер кетпей, ә дегенше өзінің жарқын дауысымен, жоғары сапасымен тұрақты тыңдарманын қалыптастырып үлгерді.
Таксиге мінсек те, қайда жүрсек те «Сіздермен Жұлдыз ФМ» деген жағымды дауыс естіп отырамыз. Осыдан-ақ, небары бір жыл ішінде жұртшылық сүйіп тыңдар толқынға айналғанын аңғарамыз.

Ары қарай жағымды жаңалықтарымен, тың жобаларымен халықты қуанта берсін деген тілек білдіреміз.