Қазақстандық әзіл-ысқақ театрлар

Қазақстандағы қандай әзіл-ысқақ театрын сүйіп тамашалайсыз? "Тамаша" көңіліңізден шыға ма? "Нысананың" әзілдері ұнай ма? "Бауыржан Шоу" қайда қазір? "Шымкент Шоу" да жоқ болып кеткен сияқты. Тука кеткелі "Шаншардың" да әзілдері қызық болмай қалған сияқты ...

«Шаншар» - ең жақсы көретінім! «Тамашадағы» Залина Отарбаева мен Данияр Төлбасы да керемет ( әрине, аңыз актерлерін айтып жатудың өзі артық )!
Жақында мынадай пікір оқыдым: «Қазіргі театрлардың бәрі «Тамашаның» форматынан аса алмай, ерекшеленбей тұр. Атап айтарлығы «Өнер қырандары» ғана, яғни, пародия жанрында өнер көрсетеді.»
Шаншар тетры жақсы. Бұрында жақсы болды, қазірде жақсы.
Шаншар тетры жақсы. Бұрында жақсы болды, қазірде жақсы.

ал меніңше, Нұржан Алдараспанға кеткелі, әзілдері тым өтімсіз болып қалған сияқты, халық жас актерларды қабылдай алмай жатыр ма әлде сапалы әзілдер жоқ па? Мені Жүсіп пен Уәлибек күлдіре алмайды әйтеуір
1) Базар жоқ - Әзіл әлемі
2) Шаншар
3) Астана шоу
"Базар жоқ" театры үздік.
Басында Шымкент шоудың әзілдері қызық болатын, артынша не болғанын түсінбей кеттік қой... Тұрсынбектің Базар жоғына еш нәрсе жетпейтін сияқты...
Алдараспан, Шаншар
қазір қойылымдары азайып кеткен сияқтығой