Қалалықтар неге ауылдықтарды менсінбейді?

Кімде қандай пікір бар? Осы сұрақтың жауабын білгім келеді) Әсіресе, қалалықтар жауап жазып көрсінші)

"кім нені күтсе (неден қорықса) соған тап болады". Ауылдықтар өздерін қалаға келгенде тым сенімсіз ұстап, төменсіп жүреді. Осылар бізді менсінбейді деп үнемі қабақтары қатулы кейіпте. Жарқылдап, айналасымен жақсы сөйлесіп (сыпайы, мәдениетті түрде) жүрсе кім ұнатпасын? Тілі шешен, ойы еркін нағыз ауылдықтарды кездестурі қиын сияқты қазір. Тағы бір мәселе: ауылдық екендіктері оларды ақтамайды, "мен ауылдықпын ғой, не білем" деп кембағалдана бермей, бітпейтін түрік сериалдарынан бір сәт бас көтеріп, олар да қалалықтардай үкіметтік бағдарламаларға құлақ тосып, сауаттарын жетілдіріп, білуге ұмтылып, өз өмірлеріне жауапкершіліктерін сезінсе екен, олар да Қазақстанның толыққанды азамат екендіктерін түйсініп, көзі ашық, жігерлі, патриот ұрпақ тәрбиелесе екен.