Сұлулық байқаулары туралы

Жалпы әлем бойынша, Қазақстан бойынша әртүрлі сұлулық байқаулары болып тұрады. Осы жерде өзіңізге ерекше ұнайтын байқау жеңімпаздарының есімі мен суреттерін сала отырыңыз немесе байқау туралы қандай қызықты деректерді білесіздер?)

Өзіме қазақы стильде өткізілетін "Ана тілі аруы" сынды байқаулар ұнайды. Бірақ интеллект жағынан сынау кемшін түсіп жататын сияқты сұлулық сайыстарының көпшілігінде. Бұл орайда "Әдемі қызды көргенде ақылды қызды аяймын" деген Мақатевтың өкінішіне қосылуға болады...
Маған Баян Есентаеваның "Қазақ Аруы" деген байқауы ұнайды. Мен ол байқауды беріліп көрмедім, тіпті қатысушыларды да жыға танымаймын. Тек бір ғана белгісі - оның (байқаудың) қазақи өтетіні, қатысушылардың қазақша киінетіні көңілімнен шығады. Ол байқауда сұлу қыздарға қойылатын басты талаптар: қазақ тілін, ұлттық дәстүрді, Қазақстан тарихын, қазақ әдебиетін білулері қажет. Сондай-ақ, қазақ қыздарының шашы ұзын және бойы 170 сантиметрден аласа болмауы керек. Сол үшін осы байқауға жанкүйермін.
Маған "Мисс Вселенеая", "Мисс Земля", "Мисс Мира" деген байқаулардың неге бөлек-бөлек өткізілетіні түсініксіз, бәрібір емес па? сосын Қазақстанда "Қазнет Аруы" байқауы бар екен, бірақ оған интернетте белсенді қыздар емес, айдаладағы біреулер қатыстырылады)